«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Басқарма басшысы ауысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы бас­қармасының басшысы болып Мирас Сабағанов тағайындалды.

Мирас Сабағанов М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мем­ле­кеттік университетін “Көлік, көлік тех­никасы және технологиялары”, Түмен мемлекеттік университетін “Ме­неджмент” мамандығы бойынша тамамдаған. Бірнеше жыл Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жо­лаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жұмыс істеді.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасындағы мансабын еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. Содан кейін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы, бас­шы­сы болды. Осы тағайындауға дейін мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp