«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қазан 27, 2023

БАЛАНЫҢ КІТАПҚА ДЕН ҚОЮЫ АЛДЫМЕН АТА-АНАҒА БАЙЛАНЫСТЫ

“TikTok”-тың дәуірі жүріп тұрған уақытта балаларды кітап оқуға баулудың оңай болып отырмағаны анық. Ал кішкентай оқырмандардың “Балдырған” журналы мен “Ұланды” сағына күтіп қарсы алатын уақыт тіпті келмеске кеткендей. Осындайда көкейімізде “балаларға арналған басылымдар мәселені қалай шешіп отыр екен?” деген орынды сұрақ туындайды. Мән-жайды білу мақсатында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ақын, аудармашы, балаларға арналған …

БАЛАНЫҢ КІТАПҚА ДЕН ҚОЮЫ АЛДЫМЕН АТА-АНАҒА БАЙЛАНЫСТЫ Read More »

ҚҰЛАҚТАН КІРГЕН СУЫҚ СӨЗ көңілге барып мұз болар

Бір адамның бойындағы кем­шілік­тердің басқа біреуге оның сыртынан айтылуы “ғайбат” делі­неді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ғайбаттың не екенін ұқтыру үшін айнала­сындағылардан: “Ғайбаттың не еке­нін білесіңдер ме?” – деп сұрайды. Олар “Алла мен оның елшісі жақсы біледі”, – деп сөзді өзіне аударады. Сонда Пайғамбарымыз: “Аралары­ңыздағы біреуіңіздің ұнамайтын сөз­­дермен өз бауыры жайлы сыртынан айтуы”, – дегенде: “Егер ол айт­қан­дарымыз …

ҚҰЛАҚТАН КІРГЕН СУЫҚ СӨЗ көңілге барып мұз болар Read More »

Жас қырандар – балапан

Біздің өңірімізде айтыс өнеріне ден қойып жүрген оқушылар аз емес. Солардың денінің аудандарда шоғырланғаны қуантады. Облыс орталығында “Туған жерім – мақтанышым” деген атаумен өткен оқушылар айтысына қатысқан 30 талапкер жырдың отын маздатып, жиналғандарды шуақты шумақтарымен сүйсінтті. Сөз додасына барлық аудан­дар мен Петропавл қаласынан ірік­телген оқушылардың қатысқа­нын айта кеткен жөн. Ерік Асқаров атын­дағы облыстық ақындар мек­тебінің …

Жас қырандар – балапан Read More »

Өнерлі студенттер

Айыртау ауданының Саумалкөл ауылындағы агротехникалық колледжде “Төрт тоқсан – төрт өнер” жобасы аясында және Республика күніне орай жас ақындар айтысы өтті. Бұл жобаның басты мақсаты – студенттерді ұлттық мерекелер, халықтық әдет-ғұрыптар негізінде адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттың рухани игілігін мұра ету, тұлға­ара­лық және этносаралық қатынастар мәдениетіне қол жеткізу. Агротехникалық колледжде өткен ақындар айтысында өнерлі студенттер екі кезең …

Өнерлі студенттер Read More »

Темекіні көп шегетін өңір

Қазақстанда бір отбасы темекі өнім­деріне жылына 12 мың теңгеден астам қаражат жұмсайды екен. “EnergyProm” деректері бойынша жыл басынан бері елімізде жалпы құны 11,6 млрд. теңге болатын темекі, сига­рет, папирос және басқа да осыған ұқсас бұйымдар өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі­мен салыстырғанда 1,3 пайызға аз. Бірақ 2023 жылдың жеті айында жер­гілікті компаниялар темекі түрлеріне деген …

Темекіні көп шегетін өңір Read More »

Автокөліктегі алтын рудасы

Қазан айында “Бидайық” шека­ралық бақылау бөлімшесінің шека­рашыларының қырағылығының арқа­сында алтын рудасын тасы­малдау­дың жолы кесілді. Шекара қызметі облыстық де­партаментінің мамандары жолау­шы­­лардың жүктерін тексеру бары­сында Степногор қаласынан Ресей Феде­ра­циясының Омбы шаһарына жолға шыққан көлікті тоқтатқан. Қа­зақстан азаматының автокөлігінен салмағы шамамен 400-500 грамм болатын 7 дана алтын рудасы та­был­ған. Ұстал­ған азаматтың сөзіне қарағанда, ол тастарды кәдесый ре­тінде жинаған …

Автокөліктегі алтын рудасы Read More »

Әкесінен қалған мылтық

Петропавл қаласының 41 жастағы тұрғыны “102” пультіне үйді жөндеу кезінде мылтық тауып алғанын хабарлаған. Мекенжайға келген учаскелік полиция инспекторына әйел мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін білмейтіні туралы айтқан. Бұл үй оған екі жыл бұрын қайтыс болған әке­сінен мұраға қалған екен. Жи­налған мылтық фортепиано кор­пусының қақпағының астында жатқан, патрондары болмаған. Тексеру нәтижесі көрсеткендей, “ТОЗ-БМ” 16 …

Әкесінен қалған мылтық Read More »

Басқарма басшысы ауысты

Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы бас­қармасының басшысы болып Мирас Сабағанов тағайындалды. Мирас Сабағанов М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мем­ле­кеттік университетін “Көлік, көлік тех­никасы және технологиялары”, Түмен мемлекеттік университетін “Ме­неджмент” мамандығы бойынша тамамдаған. Бірнеше жыл Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жо­лаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жұмыс істеді. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасындағы мансабын еңбек қатынастарын бақылау …

Басқарма басшысы ауысты Read More »

Ел намысын қорғағандар

Биыл Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында ұлттық құрама са­пында жеті жерлесіміз өнер көрсетіп, қоржынға төрт жүлде салды. Ел мерейін үстем еткен сол­түстікқазақстандықтарды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бетов құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Облыстық әкімдіктегі салтанат­ты жиынға спорт саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер, ар­дагер­лер, Азия ойындарының жүл­дегер­лері мен олардың жеке бап­керлері қатысты. Шарада бірінші бо­лып сөз …

Ел намысын қорғағандар Read More »

Мәселе көп, маман тапшы

Облыстық әкімдіктің кезекті оты­рысында өңірдің 9 айдағы әлеумет­тік-экономикалық дамуы, бюджеттің кірісі мен шығысы және облыс аума­ғын электр энергиясымен қамтама­сыз ету мәселелері сөз болды. Жиналыста күн тәртібіндегі ал­ғашқы тақырып бойынша баяндама­ны облыстық экономика демарта­ментінің басшысы Қуанышбек Қали­жанов жасады. Өз сөзінде ол 9 айдың қорытындысы бойынша қысқа мер­зім­ді экономикалық индикатор 96,3 пайызды құрағанын жеткізді. Ауыл ша­руашылығы саласындағы …

Мәселе көп, маман тапшы Read More »

Көк Туым, көкке өрле!

Араға ұзақ жылдар салып, жұртшылықты қуантып, қай­та оралған мереке – Республика күні осымен екінші жыл ұлт­тық мейрам ретінде аталып өті­луде. Қазанның соңын ала қазақтың рухын көтеріп, елді егемендіктің тарихымен та­ныстырып, ертеңін ойлауға үн­дейтін шаралар легі бастау алды. Ал ұлттық мереке күні қа­ланың орталық алаңына жи­налған жұртшылық салтанатты шара мен спорттық ойын­дарға, концерттік бағдарламаға куә болды. …

Көк Туым, көкке өрле! Read More »

Маңызды құжат

Облыстық әкімдік пен Қаржылық мониторинг агенттігінің өңіріміздегі экономикалық тергеп-тексеру де­пар­та­ментінің арасында құқықтық кө­мек көрсету туралы меморандум жа­салды. Маңызды құжатқа облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен департа­мент басшысы Нұрлан Қанағатов қол қойды. Меморандум құқықтық сала­да өзара жәрдем көрсетуге, эконо­микалық қызмет саласында бірлескен алдын алу шараларын өткізуге бағытталған. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

ЕР ЖІГІТТІҢ БЕЛГІСІ — БІЛЕК КҮШІ, БЕЛ КҮШІ

Гір көтерудің тарихы тереңде жатқанымен, спорт ретінде тек 1985 жылы ғана мойындалып, ресми бекітілді. Ауыр атлетиканың бір түріне жататын гір тасын көтеруді Шығыс Еуропа халықтары ойлап тапқан. Қазақ жерінде бұл спорт түрі ХХ ғасырда пайда болды. Оны танымал етуге сүбелі үлес қосқан әйгілі балуандарымыз Қажымұқан Мұңайтпасұлы мен Балуан Шолақ десек қателеспейміз. Алып күшті қажет ететін …

ЕР ЖІГІТТІҢ БЕЛГІСІ — БІЛЕК КҮШІ, БЕЛ КҮШІ Read More »

ЕГЕМЕНДІК БАСТАУЫ

Жер бетін мекендеген қай ұлтқа болсын егемендіктен қымбат еште­ңе жоқ. Бүгінде осы егемендікке қол жеткізіп, жеке отау тігіп, бөлек тұр­мыс кешіп жатқан қаншама ел бар. Олар­дың әрқайсысының бостан­дық­қа жету жолындағы өз шерлі та­рихы бар. Осы күні еркіндік үшін ар­палысқа түсіп, қиын-қыстау уа­қытты бастан өткеріп жатқан, тарих дөңге­легінің астында қа­лып, аты мәңгі өшкен ұлттар қаншама. Азаттықты …

ЕГЕМЕНДІК БАСТАУЫ Read More »

“Жас өркенде” – жаңа емхана

Петропавлдағы “Жас өркен” шағынауданында көптен күт­кен жаңа емхана пайдалануға берілді. Республика күніне орай­ластырылып ашылған медициналық мекеме 34 мың адамға қызмет көрсетпек. Емхананың құрылысы 2021 жыл­дың қазан айында басталған болатын. Екі қабатты нысанды тұр­ғызуға және оны толық жа­рақтан­дыруға 2 млрд. теңгеден астам қа­ражат жұмсалды. Ғи­мараттың жал­пы аумағы 8 мың шаршы метрге жуық. – “Жас өркен” – …

“Жас өркенде” – жаңа емхана Read More »

Шекара қалды көз ұшында бұлдырап

Шекарамыз шегенделгенімен шебі мықты ма? Қалқан болып тұрған қаншама ауылдың құрып бара жатқаны ойды сан-саққа жүгіртеді. Қызылжар өңірінің алты ауданы шекарада орналасқан. Ресеймен шектесіп жатқан Ақжар, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл, Мамлют, Уәлиханов аудандарындағы 93 ауыл шекарадағы елді мекендер санатына жатады. Болашағы бар елді мекендерді анықтау кезінде жалпы 8789 тұрғыны бар 23 ауыл іріктеліп алынған. Қалған …

Шекара қалды көз ұшында бұлдырап Read More »

Жан шуағы

Жыл сайын елімізде қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні аталып өтіледі. Мейірім мен адамгершілікті бойына сіңірген мамандық иелері қамқорлыққа мұқтаж жандардың жанынан табылып, тұрмыс-тіршілігіне қолғабыс етуді міндеттеріне айналдырған. Қазіргі уақытта өңірімізде бұл салада 2,5 мың адам еңбек етіп жүр. Олар 3,6 мың жанды – жалғызілікті қарттарды, мүгедектігі бар жандарды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, …

Жан шуағы Read More »

Арыз қазақша жазылса, іс те сол тілде қаралады

Президент Қасым-Жомарт То­қаев халыққа арналған Жолдауында: “Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағы­тының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қа­зақ тілі шын мәнінде білім мен ғы­лым­ның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы мемлекет­тік тілдің қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан қазақ тілінің өрісі тым шектеліп …

Арыз қазақша жазылса, іс те сол тілде қаралады Read More »

Тұрғындармен кездесті

Өңірімізге Қазақстан Халық пар­тиясының төрағасы Ермұхамет Ер­ті­сбаев келді. Партия өкілдері Мам­лют ауданына барып, алдағы саяси науқан қарсаңында сайлаушылар­мен кездесті. Өңірімізде әкімдердің сайлауы өтетін аудандардың бірі – Мам­лют ауданы. Мұнда аудан әкімі сай­лауына Қазақстан Халық партиясы­нан кандидат ретінде Елена Сте­па­ненко тіркелген. Партия өкілдері Мамлют ұн тарту комбина­ты­ның еңбек ұжымымен кездесу өт­кізді. Партия төрағасы Ермұхамет Ертіс­баев алдағы …

Тұрғындармен кездесті Read More »