Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып Мирас Сабағанов тағайындалды.
Мирас Сабағанов М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін “Көлік, көлік техникасы және технологиялары”, Түмен мемлекеттік университетін “Менеджмент” мамандығы бойынша тамамдаған. Бірнеше жыл Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жұмыс істеді.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасындағы мансабын еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. Содан кейін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы, басшысы болды. Осы тағайындауға дейін мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.