«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Жас өркенде” – жаңа емхана

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы “Жас өркен” шағынауданында көптен күт­кен жаңа емхана пайдалануға берілді. Республика күніне орай­ластырылып ашылған медициналық мекеме 34 мың адамға қызмет көрсетпек.

Емхананың құрылысы 2021 жыл­дың қазан айында басталған болатын. Екі қабатты нысанды тұр­ғызуға және оны толық жа­рақтан­дыруға 2 млрд. теңгеден астам қа­ражат жұмсалды. Ғи­мараттың жал­пы аумағы 8 мың шаршы метрге жуық.

– “Жас өркен” – болашағы зор ша­ғынаудандардың бірі. Соң­ғы жылдары бұл ауданда көпқа­батты зәулім үйлер, әлеу­меттік маңызы зор нысандар бой көте­руде. Жаңа үл­гіде са­лынған Спорт, Оқушылар сарай­лары, Теннис орталығы, Сә­бит Мұқа­нов атындағы облыс­тық қа­зақ сазды-драма театры әдемі­лі­гі­мен көз тартады. Бүгін пай­да­лануға беріліп отырған ем­деу ме­ке­месінің де тұрғындар үшін маңызы аса зор, – деді Петро­павл қаласының әкімі Се­рік Мұха­медиев нысанның ашы­лу сал­танатында.

Емхана бір ауысымда 250 адамды қабылдай алады. За­ма­науи талапқа сай жарақтан­дырыл­ған. Тұрғындар үшін рентген, флюо­рография, эндос­копиялық кабинет, функционалды диагностика, жеке зертхана, яғни, барлық диагности­калық қызмет түрлері қолжетімді болмақ.

“Бұл мекеме бірінші қалалық емхананың филиалы деп атал­ға­нымен, негізгі қызмет осы жер­де көр­сетіледі. Өйткені жаңа ем­хана қа­жетті жабдықтармен то­лық қам­тыл­ған. Бұрынғы ем­хана 30 мың адамға шақталғанымен 66 мың адам тіркеуде тұр. Емделушілердің кезек­те­рін күтетін орын, емхана дә­ліздері тарлық етті. Жаңа емха­нада барлық кемшіліктер еске­рілді. Кең, жайлы, жарық. Жуырда қо­сымша 50-60 ма­ман жұмысқа қабылданады”, – дей­ді ем­деу мекемесінің директоры Николай Новиков.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp