«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көк Туым, көкке өрле!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Араға ұзақ жылдар салып, жұртшылықты қуантып, қай­та оралған мереке – Республика күні осымен екінші жыл ұлт­тық мейрам ретінде аталып өті­луде. Қазанның соңын ала қазақтың рухын көтеріп, елді егемендіктің тарихымен та­ныстырып, ертеңін ойлауға үн­дейтін шаралар легі бастау алды. Ал ұлттық мереке күні қа­ланың орталық алаңына жи­налған жұртшылық салтанатты шара мен спорттық ойын­дарға, концерттік бағдарламаға куә болды.

Орталық алаңға жиналған­дар Әнұран шырқап, мемлекет­тік Ту сал­танатты түрде көтері­ліп, көкте желбі­реді. Одан әрі мереке “Менің Қа­зақ­станым” концертімен жалғасты. Онда жергілікті өнерпаздар пат­риот­тық әндер айтып, театрлан­дырылған қойылым қойылды. Ел тарихынан сыр шертетін туын­дыны сахналау үшін өңір­ге көпке таныс актер Дәулет Әбдіғаппаров келіпті.

– Ұлтымыздың егемендік жо­лы тым алыста жатыр. Ба­ба­ларымыз ғасырлар бойы осы күнді армандап, күресіп өтті. Біз бүгін ел алдында “Ке­рей мен Жәнібек” қойылымын қой­дық. Бұл туынды қазақ хан­дығының құрылу тарихын баян­дайды. Қойы­лым көрер­менге ұнады деп ойлай­мын. Егемендігіміз баянды болып, көк байрағымыз биіктен жел­біресін, – дейді актер.

Орталық алаңдағы мереке кеш­ке дейін жалғасып, оған бірнеше өнер ұжымдары қа­тысты. Ансамбль­дердің мың бұ­ралған биі мен қала­лық Мә­дениет үйі әншілерінің елдігі­мізді паш ететін рухты әндері көптің көңілінен шықты. Ал алаң шетіндегі киіз үйлердің бірінде ойын ойналып, бірінде ән айтылып жатты. И.Шухов атындағы қалалық кітапхана­ның ұжы­мы тұрғындарды түрлі байқаулармен қуантып, кітап­тармен, тарихи деректермен таныстырды. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жай­ғас­­қан киіз үйде ұлттық ойын­дар­дың ше­берлік сағаты өтіп, Рес­публика күніне орай ұйымдас­ты­рылған “Шаңырақ” бай­қа­уы­ның жеңімпаздары мара­пат­тал­ды. Бұл байқауда бірін­ші орын ме­диатор, педагог Гүл­бақша Мұсабае­ваға бұйырды.

Қолайсыз ауа райына қара­мас­тан бұл күні орталық алаң­ға жинал­ғандардың қарасы қалың. Дәл осын­дай шаралар облыс орталығынан бөлек ау­дандарда да ұйымдасты­рыл­ды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp