«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрғындармен кездесті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізге Қазақстан Халық пар­тиясының төрағасы Ермұхамет Ер­ті­сбаев келді. Партия өкілдері Мам­лют ауданына барып, алдағы саяси науқан қарсаңында сайлаушылар­мен кездесті.

Өңірімізде әкімдердің сайлауы өтетін аудандардың бірі – Мам­лют ауданы. Мұнда аудан әкімі сай­лауына Қазақстан Халық партиясы­нан кандидат ретінде Елена Сте­па­ненко тіркелген. Партия өкілдері Мамлют ұн тарту комбина­ты­ның еңбек ұжымымен кездесу өт­кізді. Партия төрағасы Ермұхамет Ертіс­баев алдағы сайлаудың бүкіл ел үшін маңыздылығына тоқталып, бұл мемлекетті саяси жаңғыртудағы қуатты қадам екенін атап өтті. Ал үміткер Елена Степаненко тұрғын­дарды сайлауалды бағдарламасы­мен таныстырып, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы жә­не аграрлық өнімді қайта өңдеуші­лерді қолдауға басымдық беретінін мәлімдеді. Алдағы төрт жылда жол инфрақұрылымының барлық мәсе­ле­ле­рін шешуге уәде берді. Ауыл­дық мектептердің ғимараттары мен денсаулық сақтау нысандарын, сондай-ақ жергілікті Мәдениет үй­лерін жөндеу мен қайта жаңғыртуға ерекше назар аударатынын айтты.

Тұрғындармен болған кезде­су­лерде ауданның дамуы­на қатысты мәселелер көтері­ліп, партия өкіл­дері мен тұрғындар өз­ара пікір ал­масты.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp