«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАНДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазанның соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Қашан да халықпен етене жұмыс істеп, қоғам игілігі үшін еңбек ететін ізгі жандарға арналған кәсіби ме­ре­кеге орай қалалық Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Сала өкілдерін төл мейрамдарымен облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев құттықтады.

– Бұл сала күш-жігерді, психоло­гиялық шыдамдылықты, жоғары кә­сіби білікті талап етеді. Қоғам өмі­рін­де халықты әлеуметтік қорғау­дың рө­лі жыл сайын артып келеді. Әлеу­мет­тік қорғау жүйесі қызметкер­­ле­рінің ең­бегі ерекше атап өту­ге лайық. Се­бебі олар ең маңызды әрі қиын са­ланы таңдап, жұмыс істеп жа­тыр. Бү­гінде өңірде 2,5 мыңнан ас­там маман бар. Олардың күн­де­лікті жұмысы мұқ­таж жандарға кө­мек­те­суге бағытталған, – деген Қа­нат Дү­зелбаев аталған салада орын алып жатқан оң өзгерістерге де тоқ­та­лып өтті.

Елімізде жаңа Әлеуметтік ко­декс қабылданып, соның негізінде әр отбасының цифрлық картасы әзірленді. Нәтижесінде өңірдің 3 мыңнан ас­там тұрғынына әлеумет­тік көмек та­ғайындалды. Жалпы өңір­де 25 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар адам тұрады. Оларды оңалту үшін биыл бюджеттен 2 млрд. теңге қаражат бөлінген.

Ресми бөлім салтанатты сәтпен ұла­сып,  көп жылын аталған салаға ар­­­­нап, елдің алғысына бөленіп жүр­ген мамандарға марапаттар табыс­талды. Еңбегі еленіп, “Әлеуметтік-ең­­бек саласының үздігі” төсбелгі­сіне ие болғандардың бірі – Кү­ләйым Ақ­памбаева. Тимирязев ау­дандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ламалар бөлімінің бас маманы осы салада 30 жылға жуық еңбек етіп жүр.

– Менің жұмысым – қиын жағ­дай­дағы және аз қамтылған жан­дарға жәрдемақы тағайындау. Бұ­ған дейін бухгалтер болдым. Осы 30 жылға жуық уақыттың ішінде талай жанның тағдырымен таныстым. Бұл салада жұмыс істеу үшін қайсар әрі адал болуың керек. Халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы еңбе­гіміздің бағаланып жатқаны қуантады, – дейді Күләйім Ақпамбаева.

Ақжүніс МҰҚАТАЙ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp