«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қазан 30, 2023

АЗАМАТ АСҚАН АСУЛАР

Бүгінде “Мәмбетов және К” командиттік серіктестігі жайлы республика жұртшылығы жақсы біледі. Оның негізін қалаушы – тәжірибелі диқан, іскер басшы Еркебұлан Мәмбетов десек, сол бір қиын жылдарда оның жанынан табылып, шаруашылықтың құрылуына, өркен жаюына өз үлестерін қоса білген әріптестері бірінші кезекте ойға оралады. Халқымызда “Өткеніңді білмесең – болашағыңды болжай алмайсың” – деген даналық сөз бар. Еркебұлан …

АЗАМАТ АСҚАН АСУЛАР Read More »

Шекарадағы кептеліс

Ресей Федерациясы тарапынан енгізілген жаңа шарттарға байла­нысты отандық кәсіпкерлер шығынға ұшырап жатыр. Бұл туралы “Ата­мекен” кәсіпкерлер палатасының Петропавлда өткен алқалы жиы­нында айтылды. Петропавлдан Омбы қаласына бірнеше сағатта жетуге болады. Алай­да қазір көрші елге өту үшін ке­мінде екі тәулік уақыт қажет. Себебі Ресей тарапы шекара бекеттерінде электронды өткізу жүйесін енгізіпті. Осының кесірінен өңірлік кәсіпкер­лер соңғы 2-3 …

Шекарадағы кептеліс Read More »

Егінін сақтандырғанға субсидия бар

Биыл өңір диқандары жазда қуаң­шылықтан, егін орағы қызған шақ­та толассыз жауған жаңбырдан зардап шекті. Нәтижесінде көпші­лік­тің мол өнім аламын деген үміті ақ­талмады. Мұн­дайда алдын ала сақ­тандыру ар­қылы шығынның орнын толтыруға бо­лады, әрі ол мемлекет­тен субсидия­ланады. Алайда өңірде диқандар ара­сында сақтандыру өні­мін қолда­натындар саусақпен санар­лық. 2020 жылдан бастап агроөнер­кәсіптік кешен саласында сақтанды­ру бойынша өзгеріс бар. Бұрын …

Егінін сақтандырғанға субсидия бар Read More »

ЕҢСЕРЕ БІЛСЕК, ЕРТЕҢІМІЗ ЖАРҚЫН

Абай Құнанбайұлы қарасөздерінің бірінде қазақ қоғамының рухани-адамгершілік өмірінде кездесе­тін жағымсыз қылықтарды “дала ұрлық пен арандатушылыққа толды” деп сипаттаған. Сол кезеңнің адамгершілік әдебімен еш сыйыспайтын теріс әрекеттер өткір сыналса, теріс әлеуметтік құбылысқа қарсы күрес әлі күнге дейін толастамай отыр. Әлемнің барлық дерлік елдері оны еңсерудің жолдарын талмай іздестіріп келеді. Жазушы Шыңғыс Айтматовтың  “Егер сыбайлас жемқорлық құқық …

ЕҢСЕРЕ БІЛСЕК, ЕРТЕҢІМІЗ ЖАРҚЫН Read More »

АРЗАН НЕСИЕ – ШАРУАҒА ДЕМЕУ

Президент “Әділетті Қазақстан­ның экономикалық бағдары” Жолда­уында нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шек­теліп қалмауымызды, осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштас­тыру қажеттігін атап көрсетті. Осы ретте алдымызға аса ауқымды міндет қойды. Cоның бірі – агроөнер­кә­сіп кешеніне нақты серпіліс жасау. Мемлекет басшысы ауыл шаруашы­лығы саласының әлеуеті зор болға­нымен, қолда бар мүмкіндіктердің әлі де толық …

АРЗАН НЕСИЕ – ШАРУАҒА ДЕМЕУ Read More »

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАНДАР

Қазанның соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Қашан да халықпен етене жұмыс істеп, қоғам игілігі үшін еңбек ететін ізгі жандарға арналған кәсіби ме­ре­кеге орай қалалық Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Сала өкілдерін төл мейрамдарымен облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев құттықтады. – Бұл сала күш-жігерді, психоло­гиялық шыдамдылықты, жоғары кә­сіби білікті талап етеді. Қоғам өмі­рін­де …

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАНДАР Read More »

Қорғаныс саласына қолдау қажет

Өңір басшысы Ғауез Нұр­мұ­хам­бетов Ұлттық ұлан ака­демиясында болды. Бүгінде әс­кери оқу орнында 800-ге жуық кур­сант білім алып жатыр. Оларға 100-ден аса білікті ма­ман сабақ береді. Нысанды ара­лау барысында өңір жетекші­сіне әскери білім ордасында жа­салған жағдай мен бүгінгі ахуал баяндалды. Академия жалпы ауданы 9,8 гек­тар жерді алып жатыр. Оның ішінде оқу корпусы, техникалық зона, авто­тұрақ сияқты …

Қорғаныс саласына қолдау қажет Read More »

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА – АЙРЫҚША НАЗАР

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхам­бетов облыс орталығында орналас­қан Спорт сарайы мен Оқушылар сарайының қызметімен танысты. Спорт сарайында 1,5 мың бала мен 400-ден астам ересек спорттың 12 түрі бойынша жаттығады. Спорт секцияларын аралау барысында Ғауез Торсанұлы жаттықтырушылармен және жас атлеттермен әңгімелесті. Оқушылар сарайына қазір 3 мыңнан астам бала барады, олар 9 бағыт бойынша 103 үйірмеге қатысады. Облыс …

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА – АЙРЫҚША НАЗАР Read More »

ЖАУАПСЫЗДЫҚТЫҢ ЗАРДАБЫ АУЫР

Қарағанды облысы Костенко шахтасындағы апаттан 46 кенші көз жұмды. Кен орны алпауыт “АрселорМиттал Теміртау” АҚ иелігінде. Бұл ел тари­хындағы өндірісте болған ең ірі апат ре­тінде аталып отыр. Қазанның 29-ы күні елімізде жалпы­ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Костенко шахтасындағы жа­ры­лыс тол­қы­ны 2 шақырымға дейін жеткен. Апат кезінде жер астында 252 кенші бо­лып, 206 адам жер …

ЖАУАПСЫЗДЫҚТЫҢ ЗАРДАБЫ АУЫР Read More »

Ғалым атындағы корпус

18 жылға жуық қазіргі М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін басқарған Қанаш Шәкенов – артына өшпес із, мол ғылыми және әдеби мұра қалдырған айтулы жерлестеріміздің бірі. Ол ректорлық еткен кезеңде еңселі оқу ордасының материалдық-техникалық базасы нығайып, оқу корпустары, студенттер жатақханалары, оқытушылар мен қызметкерлерге арналған екі тұрғын үй, агробиостанция салынды. Жаңа мамандықтар ашылды. Мәскеу мемлекеттік университетімен ынтымақтастық …

Ғалым атындағы корпус Read More »

Алтын ұя

Кез келген оқу ордасы білімнің биігіне, ғылымның қиясына жас қырандай қанат қағар ел ұрпағын тәрбиелейтіні заңдылық. Біздегі әрбір мектептің қайталанбас тарихы мен өз жетістігі бар. Мәселен қаламыздағы “ЛОРД” дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты – мақтаулы білім беру ұйымы. Облыс орталығындағы Жастар сарайында аталмыш білім ордасы 30 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Мереке “Лицей …

Алтын ұя Read More »

САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада “Sana” әдеби-музыкалық клубында “Өңірде із қалдырған есімдер” портреттік галереясының кезекті кездесуі өтті. Портреттік галереяның екінші кездесуі облыстың құрметті азаматы, Қазақстанның құметті байланысшысы Тілек Әбдірахмановқа арналды. Тілек Әйтімұлы 1935 жылы Аққайың ауданында дүниеге келген. Бала кезі соғыс жылдарына тұспа-тұс келген ол еңбек майданына ерте араласып, анасының қолғанаты болады. Еңбек жолын 1963 …

САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА Read More »

Жасындай жарқ еткен

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми кітапханада қазақтың біртуар ұлы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына арналған “Аса көрнекті ақын” атты әдеби кеш өтті. Жиын барысында жиналған қауым Алаш қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы пікір алмасып, ақынның өлеңдерін оқып, жыр шумақтарына терең талдау жасады. Қазақстанның құрметті журналисі, республикалық “Egemen Qazaqstan” газетінің облысымыздағы меншікті …

Жасындай жарқ еткен Read More »