«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Егінін сақтандырғанға субсидия бар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл өңір диқандары жазда қуаң­шылықтан, егін орағы қызған шақ­та толассыз жауған жаңбырдан зардап шекті. Нәтижесінде көпші­лік­тің мол өнім аламын деген үміті ақ­талмады. Мұн­дайда алдын ала сақ­тандыру ар­қылы шығынның орнын толтыруға бо­лады, әрі ол мемлекет­тен субсидия­ланады. Алайда өңірде диқандар ара­сында сақтандыру өні­мін қолда­натындар саусақпен санар­лық.

2020 жылдан бастап агроөнер­кәсіптік кешен саласында сақтанды­ру бойынша өзгеріс бар. Бұрын ол мін­детті болса, қазір шаруашылық­тың еркі бойынша сақтандырады. Сақтандырушының компанияға тө­лейтін ақысының 80 пайызы мемле­кеттен субсидияланады, шаруа тек қалған 20 пайызын ғана төлейді. Был­тыр ол 50/50 болған. Биыл об­лыста мемлекеттік қолдаудың бұл түріне қатысты 20 шарт жасалды. Соның ішінде 14 фермер 59205 га егіс ал­қабын сақтандырды. Оның 49200 га алқапты топырақтағы ылғал тапшы­лығынан сақтандыру бойынша 8 шарт жасалды. Алты шарт майлы да­қылдар бойынша жасалды, мұндағы сақтандыру алаңы 6 647 га құрады. Күздік бидайдың 139 га алқабы то­пырақтағы ылғал тапшылығы индек­сі бойынша сақтандырылды. Тағы бес шарт топырақтағы артық ылғал индексін сақтандыру бойынша жасалды. Онда 3219 га егіс алқабы сақтандырылды.

Топырақтағы ылғал тапшылы­ғы­на қатысты сақтандыру кезеңі 15 ма­мырдан 15 тамызға дейінгі кезеңді қам­тиды. Нәтижесінде қуаңшылық­тан зардап шеккен Айыртау, Ақжар, Қызылжар, Уәлиханов аудандары­ның 7 кәсіпкеріне 23 483 га алқап үшін 217 869,2 мың теңге мөлшерін­де сақтандыру төлемдері жасалды. Айта кетейін, фермерлердің егіс алқаптарын сақтандыру бойынша шығындары 34 222,1 мың теңгені құ­рады, бұл – сақтандыру сыйақысы­ның 20 пайызы. Қалған бөлігі суб­си­дия ретінде мемлекет есебінен тө­лен­ді. Ал тоқтаусыз жауын-шашын­нан зардап шеккендермен 15 қазан­нан кейін есеп айырысамыз, осы уақытта топырақтағы артық ылғал индексін сақтандыру бойынша қорғау мерзімі аяқталады.

Былтыр сақтандыру сыйақыла­рын субсидиялау бағдарламасы ая­сында сақтандыруға болатын дақыл­дардың тізбесі ұлғайды. Енді топырақта ылғалдың тапшылығы мен ар­тық болуынан дәнді дақылдар ішін­де: бидай, арпа, сұлы, жүгері, қара­құмық, тары, дәнді құмай, жаздық тритикале, жаздық қара бидайды; бұршақ тұқымдастарының ішінде – бұршақ, жасымық, ноқатты; майлы дақылдардың ішінде – күнбағыс, рапс, зығыр, соя, мақсары, қышаны сақтандыруға болады.

Былтыр республика бойынша сақ­тандыру сыйақыларын субсидия­лау бағдарламасы аясында барлығы 269 сақтандыру шарты жасалды, оның 117-сі бойынша сақтандыру жағ­дайы тіркелді. Сақтандыру тө­лемдерінің жалпы сомасы – 1209364,7 мың теңге. Ал фермер­лердің сақтандыру сыйақыларын төлеу бойынша шығыны субсидия­лауды есептемегенде барлығы 335 574,2 мың теңгені құрады.

Облыс бойынша 16 фермер қуаңшылық бойынша 70818,4 га егіс алқабын сақтандырды. Нәтижесінде өңірдің алты фермері 85 389,1 мың теңге көлемінде 30688,3 га алқап үшін сақтандыру төлемдерін алды.

Шарт жасасудан бастап төлем­дерге дейінгі сақтандырудың барлық процесі Kezekte.kz платформасын­дағы Аgroinsurance ақпараттық сер­висінде онлайн жүргізіледі. Ол үшін сақтандырушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет. Сақтандыру жағдайының басталуы туралы ақпарат фермердің жеке ка­бинетіне түседі, онда шаруаның сақтан­дыру төлеміне өтінім беру функцио­налы да қарастырылған. Сақтанды­ру компаниялары өтінімді алған сәт­тен бастап 20 жұмыс күні ішінде сақ­тандырушының шотына сақтандыру төлемін аударады.

Фермер кез келген сақтандыру ком­паниясының қызметін пайдалана алады. Ал сақтандыру сыйақыларын субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау аясында қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешен саласында 16 сақтандыру өнімі жұмыс істейді.

Гнел АРЗУМАНЯН,

“Аграрлық несие корпорациясы” облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp