«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢСЕРЕ БІЛСЕК, ЕРТЕҢІМІЗ ЖАРҚЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Абай Құнанбайұлы қарасөздерінің бірінде қазақ қоғамының рухани-адамгершілік өмірінде кездесе­тін жағымсыз қылықтарды “дала ұрлық пен арандатушылыққа толды” деп сипаттаған. Сол кезеңнің адамгершілік әдебімен еш сыйыспайтын теріс әрекеттер өткір сыналса, теріс әлеуметтік құбылысқа қарсы күрес әлі күнге дейін толастамай отыр. Әлемнің барлық дерлік елдері оны еңсерудің жолдарын талмай іздестіріп келеді. Жазушы Шыңғыс Айтматовтың  “Егер сыбайлас жемқорлық құқық қорғау органдары мен қылмыс әлемі арасындағы қатынастардың негізіне айналса, онда демократия тұңғиық шетінде”, – деуі тектен тек емес.

Қызылжар ауданында сыбай­лас жемқорлық құқық бұзушылық­тар­дың алдын алу және тұрғын­дар­дың сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімді­лі­гін қалыптастыру бойынша нақты шараларды жүзеге асырудың жол­да­ры мұқият ойластырылған. Мәсе­лен, менің өкімім бойынша сыбай­лас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 19 ауылдық округте және 7 жергілікті атқарушы органда жаса­лып, ұйымдастыру-басқару қызме­тін­дегі сыбайлас жемқорлық тәуекел­дерін жою бойынша 46 ұсыным әзірленді. 37 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, оны тудыруға ықпал ететін себептер мен жағдай­ларға қатысты іс-шаралар жоспары түзілді. Талдамалық анықтамалар мемлекеттік органдардың ресми сайт­тарына орналастырылып, жа­рия­лылық қағидаты негізге алынды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұ­зушылықтардың алдын алу бойын­ша халықты ақпараттандырудың ма­ңызы ескеріліп, қоғамдық орындарда 160 үгіт-насихат постері, үш бан­нер орнатылды. Мемлекеттік қыз­мет­шілер арасында “Сыбайлас жем­қорлыққа қарсымыз!” атты пікірта­лас ұйымдастырылып, аудандық га­зеттерде “Қоғамдағы сыбайлас жем­қорлық”, “Сыбайлас жемқорлық – әлеу­меттік зұлымдық”, “Парасат жо­лы” айдарлары арқылы танымдық материалдар жарияланды. Бұдан бөлек, жұртшылықты құлақтандырудың ақпараттық-тәрбиелік іс-шаралары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы мә­тіндік SМС-хабарлама үш мың­нан астам адамға жіберілді.

Қазақтың тұңғыш педагогі Ыбы­рай Алтынсарин балаға адамгерші­лік тәрбиені кішкентай кезінен беру ке­рек деп есептеп, еңбекке, адал­дық­қа, Отанға деген сүйіспеншілік­ке тәр­биелеуге ерекше көңіл бөл­ген. Алдына “мен олардың адамгер­шілі­гіне әсер ету үшін, кейіннен па­ра ал­мауы үшін бар күшімді сала­мын” деген өмірлік мақсат қойған. Бі­лім беру мекемелерінде “Парасат­ты аза­мат” ерікті мектеп клубтары жұ­мыс істейді. Ондағы мақсат – өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік иммунитетін қалыптастыру. Өткізіл­ген шараларға үш мыңға жуық жас қатысты. Кітапханаларда түрлі көрмелер өткізілді.

Президент Қасым-Жомарт То­қаев елдің қауіпсіздігі мен халықтың әл-ауқаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жүйелі және тиімді ша­раларды іске асыруға байланыс­ты екенін атап өтті. “Сыбайлас жем­қор­лық біздің қоғамға терең еніп, күнделікті құбылысқа айналуы мүм­кін. Бұл басты мәселе“, – деген та­лап қойды. Оған қарсы күресте әре­кетсіздік азаматтардың наразылық әрекеттері мен құқықтық нигилизмге соқтыруы мүмкін. Ауданда мемле­кеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау белгіленген заң нормала­ры аясында жүзеге асырылады. Көр­сетілетін қызметті алушылар үшін жағдайларды жақсарту және халық­ты электрондық қызметтерді өз бе­тінше алу мүмкіндігіне қолжетімді­лік­пен қамтамасыз ету мақсатында атқарушы органдар кеңселерінде 47 өзіне-өзі қызмет көрсету секторы (ConnectionPoint), 4 “Ашық әкімдік” фронт-офисі құрылған. Мемлекет­тік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін халыққа ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары (тікелей эфирлер, ин­тернет-конференциялар, брошюра­лар, бейнероликтер, жәрмеңкелер) өткізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсететін барлық мемлекеттік ор­ган­дардың ресми сайттарында жә­не аудан әкімінің сайтында “Мемле­кеттік қызметтер“ бөлімі орналас­тырылған. Онда мемлекеттік қыз­мет­тер тізілімі және мемлекеттік қыз­меттер көрсету қағидалары көрсе­тілген. Жыл басынан бері 11499 қыз­мет, оның ішінде 11072-і электрон­дық түрде көрсетілді. Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу­дың нәтижесінде қызмет алушымен тікелей байланыс үдерісі оңтайлана түсіп, керісінше, қағаз нұсқасын­да­ғы баламалы қызметтердің үлесі азайғаны байқалады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпо­рациясы арқылы 427 қызмет көр­сетілді. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл мәселелері жөнін­дегі ведомствоаралық комиссия өз қыз­ме­тін жандандыра түсті.

Сыбайлас жемқорлықтан тұтас адамзат айтарлықтай зардап шегіп отыр. Сондықтан қарапайым адам­дар, ауыл еңбеккерлері, мұғалім­дер, дәрігерлер, ғалымдар, қызмет көрсету саласы мамандары өздерін алаңсыз сезінуі үшін жемқорлықпен саналы түрде күресе отырып, озық, ақпараттық техноло­гияларды кеңі­нен қолдануға тиіспіз. Сонда ғана қоғамдағы жағымсыз құ­былыстар сөзсіз еңсеріледі.

Жанат СӘДУАҚАСОВ,

Қызылжар ауданының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp