«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өнерлі өрендер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында облыстық шығар­машылық фестиваль өтті. Қатысушы­лар төрт аталым – вокал, хореогра­фия, аспаптық орындау, ым-ишара­мен ән айту бойынша өнер көрсетті. Дәстүрлі шараға 100-ден аса ерекше қажеттілігі бар ұл-қыз жиналды. Олардың өнерін қазылар ал­қасы бел­гіленген талаптар бойынша баға­лады.

– Карантиннен кейін фестивальді қайта жандандырып отырмыз. Басты мақсат – даму мүмкіндігі шектеулі ба­лалардың өнерін көрсету. Көбінесе ұл-қыздар вокал және хореография аталымдары бойынша қатысты, – дейді облыстық балалар мен жасөс­пірімдер шығармашылығы орталығы­ның бөлім меңгерушісі Саян Ермек.

Шара соңында өнер көрсеткен ба­лалардың барлығы марапатқа ие бол­ды.

Дияс АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp