«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқтық азаяр емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биылдың өзінде тұрғындар ин­тернет-алақтарға алданып, 13 млрд. теңгеден астам қаржысынан айы­рылған. Бұл туралы Ішкі істер ми­нистрлігінің криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орын­басары Рүстем Дүйсетаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

“Жыл басынан бері азаматтарды интернет арқылы алдауға байланысты 15,5 мың қылмыс тіркелген. Бұ­л әрекеттердің салдарынан зар­дап шеккендерге 13 млрд. теңге шы­ғын келген. Алаяқтықтың ең көп та­ралған әдісі – онлайн сауда. Онлайн саудамен байланысты 7 мың алаяқ­тық жасалған”, – деді Рүстем Дүй­сетаев.

Оның айтуынша, банктер мен микроқаржы ұйымдарында алаяқ­тық пен жалған онлайн несие беру деректері де жиілеп кеткен. Статис­ти­када мұндай 1600 жағдай тіркел­ген. 1200 қазақстандық қаржы пира­ми­даларына ақшасын салып, тиын­сыз қалған. Алаяқтар өзін ең үздік қаржылық ұйым ретінде көрсететін жалған веб-сайттарды пайдала­нады. Кейде сенімге кіру үшін олар азаматтарға бір реттік дивиденд төлеп жатады.

Сондай-ақ азаматтардың карта­ла­рынан ақша алу үшін жалған тө­лем сайттарын жасап, карта деректерін енгізу кезінде барлық соманы есептен шығарып отырған.

Жыл басынан бері облысымыз­дың мыңдаған тұрғыны интернет-алаяқтардың алдауына түскен. Алдан­ғандардың басым бөлігі – қыз-келіншектер. Олардың көбі “Olx” және “Колеса” сайттарында әлдебір зат сатып алу барысында алаяқ­тар­дың құрбаны болған. Облыстық про­ку­ратура басқармасының прокуро­ры Асхат Жұмабеков өткен жылмен салыстырғанда, алаяқтық бойынша тіркелген істің көлемі 12 пайызға арт­қанын айтады. Сонымен қатар ол өңі­рімізде күн сайын кем дегенде 4 адам интернет-алаяқтың құрбаны бо­латынын мәлім етті. “Банк қызмет­керімін деп хабарласатын алаяқтардың әдісі облысымызда кең тарауда. Алаяқтың тұзағына түскендер сан­ы 300-ден асады. Ал интернетте зат са­тып алу үшін алдын-ала төлем жа­сап, ақшасынан айырылғандар саны 200-ден асады”, – деген облыс­тық про­куратура өкілі интернет-алаяқты қолға түсіру өте қиын еке­нін, тұр­ғындарға мүмкіндігінше сақ болуға кеңес берді.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp