«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ортақ мәселе

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында TEDx фор­матында жастармен кездесу өтті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқор­лыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпарат берілді. Жиынға осы сала қызметкерлері, облыстың еріктілері мен белсен­ділері қатысты.

Сыбайлас жемқорлық – қоғам­ның өзекті мәселелерінің бірі. Сон­дықтан, әсіресе, жастар арасында әңгіме жүргізіп, ашық, кәсіби және тиімді ақпарат беру маңызды. Бұл жолы кездесуге облыстың сыбайлас жемқор­лыққа қарсы қызмет маман­дары келді.

– Бұның бәрі адамның өміріне әсер етеді. Жастар бұл туралы білуі үшін іс-шараларды оларға қызықты болатындай форматта өткіземіз. Шара барысында адамдардың сы­байлас жемқорлыққа қарсы қызмет­те қалай жұмыс істей бастағаны, қалай ерікті атанғанын және қоғам бұл кеселмен қалай күресіп жатқа­ны айтылды, – дейді облыстық ішкі саясат басқармасы жастар баста­малары бөлімінің ма­маны Елена Скакунова.

Қатысушылар “Ке­дер­гісіз келе­шек” жобасына да тоқ­талды. Бағ­дар­ламаның мақсаты – мүм­кіндігі шектеулі жандардың өмір сүру са­пасын жақсарту, қолайлы орта қа­лыптастыру мен азамат­тардың түйт­кілді мәселерін шешуге көмек­тесу.

– Мен жастарға мүмкіндігі шек­теу­лі адамдарға қалай қолайлы жағ­дай жасауға болатынын айттым және “Кедергісіз келешек” бағдар­ламасы жөніндегі көзқарасыммен бөлістім. Өңірімізде қан­дай кедер­гілер бар екенін және олар­ды қалай шешуге болатыны жайлы сөйлестік. Жалпы осындай кездесулердің барысында студент­термен қоғам­дық мәселелерді тал­қы­лай отыра, көзінде оты барларды белсенді ретінде қатарымызға ша­қырамыз, – дейді облыстық ішкі сая­сат басқар­масының маманы Сәлім­хан Сәби­тов.

Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы қызмет­ мамандары өз­дерінің күнде­лікті атқарып жатқан жұ­мысы жа­йын­да баяндап, жемқор­лықпен қа­лай күресіп жатқандары тура­лы ақпарат берді. Олардың айтуын­ша, облыста осы жылдың 9 айында 29 сыбайлас жемқорлық фактісі тір­келіпті.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp