«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.05.2024

Тегінде бар өнер тасада қалмайды

Өнер – жер бетінде адамзат баласы пайда болғаннан бері бірге жасап келе жатқан құбылыс. Біздің заманымызға дейінгі кезеңнің өзінде театр, сәулет, әдебиет сынды өнер салалары қарыштап дамыған ежелгі грекиялықтар “өнерсіз өмір жоқ” деген ұстаныммен ғұмыр кешкен. Әлемдік мәдениеттің іргетасын қалаған жұрттың бұл ұстанымы адамзаттың мәңгілік қағидасына айналуы шарт. Әсіресе қазіргідей адам жаны темірге айналып бара …

Тегінде бар өнер тасада қалмайды Read More »

Жақсылық көрсең – өзіңнен

Алыста жүрсем де, туған жерім – Қызылжар өңірімен жүрегім де, тілегім де бір. Жақсы істерге қуанамын, ора­лымды ой-пікірлерге сүйінемін, олқылықтарға күйінемін.  Қайғы-қуаныштарға ортақпын. Шыны керек, өзімді біршама білімділер қатарына қосып жү­ру­ші едім. Бірде рухани ұста­зым­ның “кітап артқан есек сияқты­сың” деген сөзіне шам­данып, бі­рақ артынан ойланып қалдым. Көп ұзамай оған көзім жетті. Оқу – оңай, тоқу …

Жақсылық көрсең – өзіңнен Read More »

Қауіпсіздік қаперде болсын

Биылғы оқу жылының аяқ­та­луы­на 5 күн қалды. 25 мамыр күні мектеп түлектері бұл күнді өз бетінше мерекелеу кезінде түрлі төтенше жағдайға тап болып жатады. Оқыс оқиғалар­дың алдын алу үшін Ішкі істер министрлігі әр мектепке жауап­ты полиция қызметкері бекі­тілгенін хабарлады. Министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Әлеке­шевтің айтуынша, былтыр “соңғы қо­ңыраудың” ресми бөлігінен кейін мек­теп түлектері іс-шараларды өз …

Қауіпсіздік қаперде болсын Read More »

Болмысы бөлек Бауыржан

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Алматыда КазГУ-де оқыған кезімде қазақтың небір жақсы менен жайсаңдарының көзін көрдік, сөзін тыңдадық, ақыл-парасаттарына тәнті болдық, тағылымын алдық. Арада жарты ғасырдан аса уақыт өтсе де тұлғалық келбеті күні бүгінге дейін есімізден, жадымыздан өшпеген, күйкі өмір ығына жығылмайтын, ағыстың бойымен жүрмейтін, керісінше, кез келген мәселеде өзінің ойымен жүріп, өзіндік сүрлеу тауып, ағысқа …

Болмысы бөлек Бауыржан Read More »

ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ КЕЗДЕСУ

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында қоғам қайрат­кері, журналист, жазушы, облыстың құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменовпен кездесу өтті. “Өнегелі өмір” деп аталған іс-шара жазушының 75 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды. Жас ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатын осындай жиындарды ұйымдастыру дәстүрге айналған. Біз еселі еңбегімен ел құрметіне бөленген жандарды мектебімізге қадірлі қонақ ретінде жиі шақырып, тәрбиелік …

ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ КЕЗДЕСУ Read More »

Пара алу – арыңды сату

Заманауи қазақстандық қоғамның бірден-бір өзекті мәселесі – сыбайлас жемқорлық. Бұл індет халықаралық аренада елдің теріс имиджін қалыптастырып, әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіреді, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларға кедергісін тигізіп, ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? Құқықтық құжаттарда сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік органдар қызметкерлерінің өзінің қызметтік жағдайын материалдық немесе мүліктік мақсатта, заңсыз жеке пайда табу үшін …

Пара алу – арыңды сату Read More »

Заңға қайшы әрекет

Заңға сәйкес прокурорлық қадағалау актілері бойынша шаралар қолданбағаны үшін жауапкершілік көзделген. Жыл басынан бері қадағалау органы прокурорлардың актілері бойынша шаралардан бас тартқаны үшін 3 мемлекеттік органның басшысын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 664-бабы бойынша айыппұл салды. Мысалы, Жамбыл ауданының әкімдігі “Прокуратура туралы” Конституциялық заңның талаптарына қайшы, прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша …

Заңға қайшы әрекет Read More »

ТЕГІН КЕҢЕС

Петропавлда сауда және ойын-сауық орталықтарында мобильді топ мүшелері азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетті. Кеңес берушілер – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар. Шараға он шақты маман қатысты. Тұрғындар түрлі мәселе бойынша ақыл-кеңес алғанымен, ең жиі талқыланған сұрақ – тасқын судан келген шығынды өтеу жөнінде болды. Тұрғындардың бұл сұрағына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру …

ТЕГІН КЕҢЕС Read More »

Аналардың аялы алақаны

Осыдан жарты жыл бұрын облыста “Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы ашылған болатын. Арада аз уақыт өтсе де республикалық қоғамдық бірлестік өкілдері тасқын судан зардап шеккен өңірімізге 55 млн. теңгеге жуық қаражат бөлді. “Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестіктің төрайымы Айнұр Жүгінісованың айтуынша, бұл қаржының 45 миллион теңгесіне 20 тонна …

Аналардың аялы алақаны Read More »

Махаббат – мәңгілік тақырып

Н.Погодин атындағы об­лыстық орыс драма теат­рында белорус драматур­гы Дмитрий Богословс­кий­дің “Бөгде жағалаулар” қойыл­ымының тұсаукесері өтті. Айбол Қасымның ре­жиссерлігімен қойылған туынды кездейсоқ кездес­кен екі жастың махаббат хикаясынан хабар береді. Тек екі-ақ актер қатысатын спектакль ғашықтардың кездес­кеннен кейінгі үш күндік өмірін сипаттайды. Алайда осы 72 са­ғат олардың бар ғұмырына та­титындай әсер қалдырады. Әл­дебір жігіт сақтандыру компа­ния­сына келіп, …

Махаббат – мәңгілік тақырып Read More »

Тең тарқасты

Футболдан ел біріншілігінің ке-зекті ойындары өтті. Тоғызыншы турда жергілікті “Қызылжар” клубы сырт алаңда талдықорғандық “Же-тісу” командасына қарсы матч өт-кізді. Бұл ойынға дейін “Жетісу” ко-мандасы тур­нирлік кестеде 4-ші орында тұрса, жерлестеріміз 8-ші сатыға жайғасқан болатын. Қос клуб үшін де жеңіс ауадай қа­жет еді. Өкінішке қарай, бірде-бір аяқдопшы көзге түсе алмай, екі ко­манда тең тарқасты. Бірінші тайм …

Тең тарқасты Read More »

Жеңімпаз желаяқ

Өзбекстан астанасы – Таш-кент­те жеңіл атлетикадан Орта-лық Азияның ашық чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде өңір спорт­шы­лары да өнер көрсетті. Құрлықтық додаға өңір намы­сын олимпиадалық резервтегі ба­лалар мен жасөспірімдерге ма­мандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Жа­рыс 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтті. Жерлесіміз Анто­нина Чернышова екі бірдей алтын медальға қол жеткізді. – Антонина Чернышова кедер­гілермен 100 метр қашықтыққа …

Жеңімпаз желаяқ Read More »

Бір тонна заңсыз ішімдік

Облыс полицейлері мемле­кеттік кірістер департаментімен бірге бір тоннадан астам контра­фактілік алкогольді тәркіледі. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасына конт­ра­фактілік спирттік ішімдіктің көп мөлшердегі заңсыз айналымы ту­ралы ақпарат келіп түскен. По­ли­цейлер департамент маманда­рымен бірге Қызылжар ауданы­ның аумағында, “Астана – Петро­павл” автожолында жүк көлігін тоқтатты. “ГАЗель” автомаши­на­сында Петропавлдың 49 жаста­ғы тұрғыны болған. Көліктен 70 бес литрлік және көлемі …

Бір тонна заңсыз ішімдік Read More »

Жарамсыз үйге несие төлеуге мәжбүр

“Амаnat” партиясы жергілікті ұйымының өкілдері бұған дейін Есіл ауданы бойынша тасқын судан зардап шеккен 41 адамға әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеуге көмектескен болатын. Бұл жолы қоғамдық қабылдауға Покровка ауылының 15 тұрғыны жүгінді. Олардың қатарында Инга Тодоровская да бар. Осыдан шамамен бір ай бұрын оның да үйі суға кеткен. Баспанасы тұруға жарамсыз болса да, несие төлеуге мәжбүр. Оның …

Жарамсыз үйге несие төлеуге мәжбүр Read More »

Ризашылық білдірді

Облыстық төтенше жағдай департаменті су тасқыны кезінде көмекке келген Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Абай және Ұлытау облыстарының құтқарушыларын салтанатты түрде шығарып салды. Петропавл ауыр машина жасау зауыты алдындағы алаңда өткен шарада еліміздің әр өңірінен келген құтқарушылар сап түзеді. Олар бір айға жуық уақыт бойы облыстың құтқарушыларымен, жергілікті атқарушы органдармен, халықпен және еріктілермен бірге өңірдегі …

Ризашылық білдірді Read More »

ШЫҒЫНҒА БАТҚАН ШАҒЫН БИЗНЕС

Облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов табиғи апаттан зардап шеккен кәсіпорындарды аралады. Су тасқыны біраз кәсіпкерді шығынға батырғаны рас. Облыс орталығында 127 шағын және орта бизнес субьектісіне залал келсе, Қызылжар ауданында 49 кәсіпкерлік нысан су астында қалған. Облыс орталығындағы Ойқала шағынауданында орналасқан “Великанов” кондитерлік цехы да – шығынға батқан кәсіпкерліктің бірі. Көп жылдан бері жұмыс істеп …

ШЫҒЫНҒА БАТҚАН ШАҒЫН БИЗНЕС Read More »

Ауыл мектебінің ахуалы алаңдатады

Бағытымыз – қазақтың небір беткеұстар тұлғаларының, маңдайалды азаматтарының кіндік қаны тамған, олардың атақ-даңқы жанымызды жадыратып, айбынымызды асыратын Жамбыл ауданы. Ондағы мақсатымыз – облыстық “Soltustik Qazaqstan” газетіне жазылу барысымен танысу, бұдан бөлек, игілікті істерді, жинақталған тәжірибелерді оқырмандарымызға жеткізу, қордаланған мәселелерді тиісті мемлекеттік ұйымдар назарына ұсына отырып, тиісті шешімдердің қабылдануына ықпал ету. Қара жердің апшысын қуырған жеңіл …

Ауыл мектебінің ахуалы алаңдатады Read More »

АУДАНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС

Қызылжар ауданына қарасты 18 ауылда 1546 үй су астында қалған. 1500 отбасы 543 млн. теңге көлемінде біржолғы көмек алды. Қазір барлық зардап шеккен үйлерден су кетті. Тұрғындардың мүлкіне келтірілген залалды бағалау және үйлерді техникалық тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Техникалық тексеруді өңірдегі акредиттелген 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мамандары жүргізуде. Сонымен қатар жұмыстың ауқымдылығына, техникалық тексерудің ерекшелігіне …

АУДАНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС Read More »