«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІШКІ ТАЛДАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ЗОР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ламалар басқармасы жұмысының негізгі бағыттары жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат­тарды пайдалы қоғамдық еңбекке тарту, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, мүге­дектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және еңбек ре­сурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша көмек көрсету болып табылады. Сондай-ақ ве­домстволық бағынысты 10 мекеменің (9 медициналық-әлеуметтік ұйым және еңбек мобильдігі орталығы) қыз­метін үйлестіріп отырады.

Басқарма басшы­лығы назары­нан сыбайлас жемқор­лық құқық бұзушылықтардың алдын алу жайы да тыс қалмайды. Меди­циналық-әлеуметтік мекемелерде сыбайлас жемқорлықты әшкере­лейтін көрнекі ақпараттық стендтер қойылған, қыз­меткерлерге брошю­ралар мен па­рақшалар тараты­ла­ды. Ресми ин­тернет-ресурста сы­бай­лас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ақпараттар, ма­те­риал­дар, бейне­роликтер және нор­мативтік-құқықтық актілер, сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы стан­дарттар мен іс-шаралар жоспарлары орналастырылған. Әлеуметтік желілерде ха­лық­тың әлсіз топтарын жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау са­ласында қабылданып жатқан жұ­мыстар бойынша ақпараттандыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру, мемлекеттік қызметтер көрсету, ашық бюджет жә­не сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясат жөніндегі шаралар жүйелі түрде жүргізіледі. “Е-Қаржымин” ықпалдастырылған автоматтанды­рылған ақпараттық жүйесінде шоғырландырылған қар­жы­лық есептілікті, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ашық бюд­жеттердің интерактивті карта­сын­да ұстауға арналған бюджеттер жарияланады.

Қызметтің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақса­тында бас ғимараттың бірінші қаба­тында мемлекеттік қызмет түрле­ріне қатысты “ConnectionPoint” бұры­шы жабдықталған. Жемқорлық тәуе­келдерінің алдын алу және болдыр­мауға бағытталған арнайы “сенім телефоны” жұмыс істейді: 8 (7152) 46-56-48. Түрлі құқық бұзу­шылық­тардың алдын алу үшін он­лайн форматта семинарлар мен сабақ­тар өткізіледі.

Нормативтік-құқықтық актілердегі құқықтық қайшылықтарды анық­таудың  құқықтық мониторингі және оның нәтижелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар қабылданады. Тоқсан сайын басқарма және ведомство­лық бағынысты ұйымдар қызмет­кер­лерінің әкімшілік құқық бұзушы­лықтар жасауына, оның ішінде сы­байлас жемқорлыққа қарсы шектеу­лер мен мүдделер қақтығысын сақ­тауға мониторинг жүргізіледі. Биыл басқарма қызметкерлерін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-1, 73-2, 434, 440, 441, 608, 613 бапта­ры бойынша әкімшілік жауапты­лық­қа тарту фактілері (Қазақстан Рес­публикасы мемлекеттік қызметшіле­рі­нің Әдеп кодексінің нормаларын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын бұзу және мемлекеттік билік беделіне нұқсан келтіру ) тіркелген жоқ.

Маусым айында қоғамдық бір­лес­тіктердің өкілдерін тарта оты­рып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Оның қорытындысы негізінде құқықтық актілерге орай – бес, мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты – екі, жасырын мемлекеттік қыз­мет­тер – екі, мемлекеттік сатып алуды жү­зеге асыру – бір, ұйымдық-бас­­қару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша үш тәуекел анықталды. Осыған байланысты сыбайлас жем­қорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ор­талық мемлекеттік ор­гандарға тиісті ұсыным хаттар жібе­рілді.

2021 жылдан бастап барлық ве­домстволық бағынысты медици­на­лық-әлеуметтік мекемелерде сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы ком­плаенс қызмет жұмыс істеп, сыбай­лас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі әрі ұзақ мерзімді жоспарды енгізуді талап ететін күрделі де кешенді жоба ретінде тиімділігін көрсетті. Соны­мен қатар медициналық-әлеуметтік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережелер бекітілген.

Ринат ЕЛЖАСОВ,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp