Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмысының негізгі бағыттары жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды пайдалы қоғамдық еңбекке тарту, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша көмек көрсету болып табылады. Сондай-ақ ведомстволық бағынысты 10 мекеменің (9 медициналық-әлеуметтік ұйым және еңбек мобильдігі орталығы) қызметін үйлестіріп отырады.
Басқарма басшылығы назарынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жайы да тыс қалмайды. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде сыбайлас жемқорлықты әшкерелейтін көрнекі ақпараттық стендтер қойылған, қызметкерлерге брошюралар мен парақшалар таратылады. Ресми интернет-ресурста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ақпараттар, материалдар, бейнероликтер және нормативтік-құқықтық актілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен іс-шаралар жоспарлары орналастырылған. Әлеуметтік желілерде халықтың әлсіз топтарын жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау саласында қабылданып жатқан жұмыстар бойынша ақпараттандыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру, мемлекеттік қызметтер көрсету, ашық бюджет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі шаралар жүйелі түрде жүргізіледі. “Е-Қаржымин” ықпалдастырылған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде шоғырландырылған қаржылық есептілікті, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ашық бюджеттердің интерактивті картасында ұстауға арналған бюджеттер жарияланады.
Қызметтің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бас ғимараттың бірінші қабатында мемлекеттік қызмет түрлеріне қатысты “ConnectionPoint” бұрышы жабдықталған. Жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және болдырмауға бағытталған арнайы “сенім телефоны” жұмыс істейді: 8 (7152) 46-56-48. Түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін онлайн форматта семинарлар мен сабақтар өткізіледі.
Нормативтік-құқықтық актілердегі құқықтық қайшылықтарды анықтаудың құқықтық мониторингі және оның нәтижелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар қабылданады. Тоқсан сайын басқарма және ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауына, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мүдделер қақтығысын сақтауға мониторинг жүргізіледі. Биыл басқарма қызметкерлерін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-1, 73-2, 434, 440, 441, 608, 613 баптары бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері (Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын бұзу және мемлекеттік билік беделіне нұқсан келтіру ) тіркелген жоқ.
Маусым айында қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін тарта отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Оның қорытындысы негізінде құқықтық актілерге орай – бес, мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты – екі, жасырын мемлекеттік қызметтер – екі, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру – бір, ұйымдық-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша үш тәуекел анықталды. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, орталық мемлекеттік органдарға тиісті ұсыным хаттар жіберілді.
2021 жылдан бастап барлық ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет жұмыс істеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі әрі ұзақ мерзімді жоспарды енгізуді талап ететін күрделі де кешенді жоба ретінде тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар медициналық-әлеуметтік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережелер бекітілген.
Ринат ЕЛЖАСОВ,
облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.