Грант иегерлері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астанада “Stem Олим­пиада – білім берудегі инно­вация” атты ха­лықаралық олимпиада өтті. Оған өңірі­міздің 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Халықаралық білім бәйгесі “Ri­viera International School by Quantum” мектебінің базасында робототехника бағыты бойынша ұйымдастырылды. Бұл сында өңір атынан 3 команда бақ­тарын сынады. Олар: ЛОРД мектеп-лицей-интернаты, БЭСТ гимназиясы мен Әбу-Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға ма­мандандырылған гимназия-интер­наты.

Сайыс қатысушылары робот құрастыру, бағдарлама жасау және инженерия бойынша білімдерін са­рапқа салды. Бұл жолы Әбу-Досмұхамбетов атындағы облыстық да­рынды балаларға маманданды­рыл­ған гимназия-интернатының оқушы­лары бас жүлдеге қол жеткізді. Аталмыш білім ордасының шәкірт­тері Батырхан Шитканов пен Дархан Тө­леген “Astana it University” жоғары оқу орнының гранттарын иеленді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp