«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүлдегермен жүздесу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция депар­таментінің бастығы, поли­ция полковнигі Айдын Қаб­дұлдинов 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлде­гері, боксшы Наталья Богда­но­вамен және оның жат­тықты­ру­шысы Дастан Қаб­деновпен кездесті.

Айдын Қабдұлдинов спортшының кәсібилігі мен жеңіске деген ұмты­лысы жерлестері үшін ғана емес, полицияның жеке құрамы үшін де үлгі екенін атап өтті.

Наталья Богданова кикбоксинг­тен Қазақстанның спорт шебері, “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының мүшесі.

Кездесуде спортшы полицей­лерге алғысын білдіріп, халықаралық ареналарда Қазақстан атынан ла­йықты өнер көрсетуге бар күш-жігерін салатынын және жерлестерін жаңа жеңістерімен қуантатынын айтты.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp