«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жеті адам зардап шекті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жезқазған-Петропавл рес­пуб­ликалық маңызы бар автожол­ында “Тойота Камри” және “Део Нек­сия” көліктері соқтығысып қалған. Салдарынан екі көлікте бол­ған жеті адам зардап шекті. Оқиға орнына келген “Жедел жәрдем” қыз­меті оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін үйлеріне жіберді.

Көлік жүргізушілері меди­ци­налық куәландырудан өткізілді, екеуі де спирттік ішімдік ішпеген. Ал олардың көліктері арнайы автотұраққа қойылды.  Жол-көлік оқиғасы көлік құралдарын басқар­ған адамдардың жол қозғалысы не­месе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзудан абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай ті­зіліміне енгізілді. Тиісті сарапта­малар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp