«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жеңіспен оралды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарағандыда жазғы полиатлон­нан ел кубогы өтті. Жарысқа М.Қозы­баев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің сту­денттері мен түлектері қатысты.
Ел кубогында өңір намысын бес солтүстікқазақстандық қорғады. Жер­лестеріміз 100 метр және 3 ки­ло­метрге (қыздар 1 километр) жүгі­ру, жүзу, граната лақтыру және пнев­матикалық қарудан нысана көз­деу сынды 5 спорт түрінен сынға түсті. Нәтижесінде 6 жүлделі орынға ие болды. Оның – үшеуі алтын, екеуі күміс және біреуі қола медальдар.
Никита Изотин пневматикалық қарудан нысана көздеу және жүзу­ден өзінің жеке рекордын жаңартып, алтыннан алқа тағынды. Ақтари Жо­ламан бірінші және үшінші орындар­ға қол жеткізді. Жоғары оқу орнының түлегі Ольга Вернер 35-39 жас ара­лығындағы спортшылар арасында бас жүлдені иеленді. Артем Батрак пен Арсен Хамзин ел кубогының кү­міс жүлдегерлері атанды.

Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp