«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды жобалар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданында болып, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын бақылады.

Бүгінгі таңда Прибрежное және Якорь ауылдарының тұрғындары үшін дәрігерлік амбулаториялар салынуда. Жаңа нысандарда дәрігер және стоматология кабинеттері, зертхана, күндізгі стационар және емдеу бөлмесі болады.

Сондай-ақ өңір басшысы Соколов топтық су құбырының екінші кезеңін іске қосу жұмыстарымен танысты. Жоба пайдалауға берілсе, 14 ауылдың, соның ішінде Новокаменка мен Архангелка елді мекендерінің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Аудандық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізіліп, қасбеті, көрермендер залы мен балалар кітапханасы жаңартылды.

Өңір басшысы кезекте тұрған азаматтар үшін салынып жатқан көпқабатты үйдің құрылысын, құс фабрикаларын аралады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp