«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұтынушы құқығы қорғалады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылдың қазан айында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес өтті, онда тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жаңа заң жобасының негізгі аспектілері таныстырылды. Заң жобалары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп, Үкіметтің 2023 жылға арналған заңдарды жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес Парламент Мәжілісіне енгізілді.

Заң жобаларына ұсынылған түзету­лер бизнестің жауапкершілігін арт­тыруға және қазақстандықтардың тұтынушылық құқықтарын қорғауға бағытталған. Қазір тұтынушы бірден сотқа жүгіне алмайды, тұтынушы­лар­дың шағымдарын қараудың үш сатылы алгоритмі жұмыс істейді: 1 кезең – сатушы және дауларды сот­қа дейін реттеу субъектілері, 2 кезең – уәкілетті мемлекеттік органдар, тек 3 кезең – сот (“Тұтынушылардың құ­қықтарын қорғау туралы” қолда­ныс­тағы Заңның 6-1-тарауының бап­тарына сәйкес).

Заң жобасының жаңа редакция­сында заңнамалық актінің құрылым­дық элементтері логикалық тәртіп­пен құрылған. Заң жобасында Үкі­мет, мемлекеттік органдар, сот, қо­ғамдық және соттан тыс институт­тар­ды қамтитын тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің субъектілерін анықтау ұсынылады. Бұл ретте осы жүйеде тұтынушы­лардың құқықтарын қорғауды жү­зеге асыратын негізгі субъектілердің бірі кәсіпкер болып табылады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Ом­будсмен институтына оның қызметі­нің принциптері, кепілдіктері, функ­циялары және соған байланысты шектеулер, оны тағайындау және өтініштерді қарау тәртібі қамтылған жеке тарау арналатын болады.

Заң жобасында көрсетілген тұ­тынушылардың құқықтары бекіті­леді. Сондай-ақ, заң нормаларының жаңа редакциядағы қолданылуы кәсіпкерлік субъектілері көрсететін қызметтер мен жұмыстар саласын­дағы қоғамдық қатынастарды рет­тейтін барлық салалық заңнамалық актілерге кеңейтіледі. Қазіргі заңна­малық олқылықтар жойылады, қо­ғамдық институттар тұтынушылар­дың құқықтарын сотта қорғаудың ерекшеліктері, сондай-ақ тұтыну­шы­лардың белгісіз тобының құқық­тарын қорғау айқындалатын бо­лады.

Омбудсмен институтының сала­лық мемлекеттік органдардың құ­қықтық актілерінің жобаларын әзір­леуге міндетті түрде қатысуы ар­қылы перспективада тұтынушы­лар­дың құқықтарын қорғау қағидаты бекітілетін болады.

Тұтынушылармен жасалған шарт­тарға тұтынушылардың құқық­тарын бұзатын және оларға нұқсан келтіретін немесе осындай заң  ­бұзушылықтар мен нұқсан келтіруге әкеп соғатын шарттарды енгізуге жол бермеу көзделуде. Электрон­дық сауда сегментіндегі қоғамдық қатынастарды реттеуді оның күндізгі нысанымен синхрондау жүзеге асырылды.

Мұның бәрі құқық қолдану практикасына ыңғайлы заң мәтінін қабылдау арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіреді.

Сатушылар (орындаушылар) құқықтарыңызды бұзған жағдайда Петропавл қаласы, Н.Назарбаев кө­шесі, 83 (телефоны 46-81-33) ме­кенжайында орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне кеңес алу үшін жүгіне аласыздар.

 Сауда және интеграция министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp