«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қауіпті дерт жұқтырғандар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста жыл басынан бері 116 сырқатқа иммун тапшылығы вирусы диагнозы қойылды.

Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Айман Сыздықованың айтуынша, қауіпті вирусты жұқтырған­дардың екеуі – шетел азаматы, қал­ғандары ел тұрғындары. Қазіргі уа­қытта осы дертке шалдыққан 1468 адам орталықта есепте тұр.

“Ауырғандардың дені – негізінен 40-49 жас аралығындағылар. Қауіпті ви­русты ер адамдар жиі жұқтырады. Есеп­те тұрғандардың 64 пайызы – ер­лер. Адамның иммун тапшылығы ви­русы, яғни ВИЧ жұқтырған балалар да бар, 14 жасқа дейінгі 12 балаға осы диаг­­ноз қойылған. Айта кететін жайт, соң­­ғы екі жылда балалар арасында вирус жұқтырудың жаңа жағдай­лары тір­келген жоқ”, – дейді Айман Сыздықова.

Маманның айтуынша, ВИЧ-тен емделмеген жағдайда ол жүре пайда болған иммун тапшылығының синдро­мына, яғни, аурудың соңғы сатысына ұласуы мүмкін. Биыл өңірде СПИД-тен екі адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 адамға аз.

“ВИЧ-ті облыстың медициналық ұйымдарында жұқтыру фактілері тіркелген жоқ. Диспансерлік есепте тұрғандар антиретровирусты тера­пия­ны өмірінің соңына дейін қабыл­дайды. Бұл ем адам бойындағы ви­русты азайтады. Қа­зіргі уақытта анти­ретровирусты терапияның жаңа түр­лері пайда болып жатыр. Олардың жа­нама әсері минималды, нәтижесі жо­ғары”, – дейді орталық директоры.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp