Қарағандыда жазғы полиатлоннан ел кубогы өтті. Жарысқа М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері мен түлектері қатысты.
Ел кубогында өңір намысын бес солтүстікқазақстандық қорғады. Жерлестеріміз 100 метр және 3 километрге (қыздар 1 километр) жүгіру, жүзу, граната лақтыру және пневматикалық қарудан нысана көздеу сынды 5 спорт түрінен сынға түсті. Нәтижесінде 6 жүлделі орынға ие болды. Оның – үшеуі алтын, екеуі күміс және біреуі қола медальдар.
Никита Изотин пневматикалық қарудан нысана көздеу және жүзуден өзінің жеке рекордын жаңартып, алтыннан алқа тағынды. Ақтари Жоламан бірінші және үшінші орындарға қол жеткізді. Жоғары оқу орнының түлегі Ольга Вернер 35-39 жас аралығындағы спортшылар арасында бас жүлдені иеленді. Артем Батрак пен Арсен Хамзин ел кубогының күміс жүлдегерлері атанды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.