Қыс жақындаған сайын көмірге сұраныс артуда. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары өңірде қатты қара отын жеткілікті екенін айтуда.
Жылыту маусымында облыс тұрғындарын көмірмен толыққанды қамту үшін өңірге 420 мың тонна отын қажет. Әзірге сату пунктеріне 237 тоннасы жеткізілген. Ол шамамен қажетті қара отынның 57 пайызын құрап отыр. Басқарма мамандары берген ақпарат бойынша көмір өңіріміздегі 32 темір жол тұйығында сатылады. Қараша айында 250 вагон тиелген қара отынның 17500 тоннасы жеткізілген. Алдағы уақытта тағы 56 вагон келеді деп күтілуде.
Мадина НҰРКИНА,
“Soltüstık Qazaqstan”.