«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қараша 8, 2023

САЙЛАУШЫЛАР СЕНІМІН АҚТАУ — ПАРЫЗ

5 қарашада елімізде алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтті. Өңіріміздегі Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарының тұрғындары өз таңдауларын жасады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ең алдымен Мамлют аудандық активімен кездесіп, өңір тарихындағы алғашқы әйел әкімді таныстырды. Сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жеткен Елена Степаненкоға бірқатар міндеттер жүктеді. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарының саны …

САЙЛАУШЫЛАР СЕНІМІН АҚТАУ — ПАРЫЗ Read More »

ҚАРАҒАШТАҒЫ ҚУАНЫШ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданындағы Қарағаш ауылында болып, “Астық STEM” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жақында іске қосылған сүт фермасының жұмысын көрді. Өңір экономикасы үшін маңызды жобаны жүзеге асыруға 1,1 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жаңа ферма жылына 3,2 мың тонна сүт өндірмек. Кәсіпорынның ашылғанына ауыл тұрғындары дән риза. 30 тұрақты жұмыс орны пайда болған. Жұмысын егіншіліктен …

ҚАРАҒАШТАҒЫ ҚУАНЫШ Read More »

ОТАРЛАУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС

ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап жер мәселесі қазақ қоғамында ең күрделі жайтқа айналады. 1819 жылы Уәли хан қайтыс болады. Яғни Ресей патшалығы хандық билікті жояды. Кейін бұл тарихи оқиға қазақ сахарасында толқулар туғызады. Патша әкімшілігі қазақ даласына біртіндеп тереңдей түсуді жеделдете отырып, оны жаулап алу бойынша белсенді саясат жүргізуге кірісті. Бұл Қазақстан аумағында әскери бекіністер, …

ОТАРЛАУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Read More »

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ТАРИХЫ БАЙ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде жарық көретін “Известия” газетіне сұхбат берді. Екі мемлекет арасындағы достық байланысты одан әрі дамыту жайы сөз болған сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз. – Жақын күндері Сіз Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізесіз. Соңғы уақытта сіздер тұрақты кездесіп жүрсіздер. Атап айтар болсақ, 7 қазанда Мәскеуге сапармен келдіңіз, 13 қазанда Бішкекте …

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ТАРИХЫ БАЙ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН Read More »

Достық пен бірліктің символы

Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің халықаралық беделін арттырудағы, тұрақтылық пен ішкі бірлігін нығайтудағы ықпалы өте зор. Әлеуметтік, этникалық және діни тұрақтылықты сақтау біздің еліміздің айтулы жетістігі болып табылады. Этносаралық келісім мәселелері мемлекет пен қоғамның басты назарында. Ассамблея этносаралық келісім мен ел бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етуде. Бұл бірегей институт мемлекеттік органдарға …

Достық пен бірліктің символы Read More »

Дамудың басты шарты

Халықаралық қоғамдастық жыл сайын қараша айының екінші бейсен­бі­сін­де Дүниежүзілік сапа күнін атап өтеді. Сапа – кез келген мемлекеттің не­месе кәсіпорынның табыс кілті. Техникалық реттеу және мет­рология комитеті облыс бойынша департаментінің негізгі міндеті өнім­дердің са­па­сына бақылау жа­сау және ішкі нарықтағы тауарлар мен қызмет түр­лері­нің қауіпсіздігін қам­тамасыз ету бо­лып та­былады. Мем­лекет басшысы Үкімет пен тиісті орган­дар­дың алдына …

Дамудың басты шарты Read More »

Қызылшадан екпе қорғайды

Суық түссе тұмауға шалдыққан адамдар көбейеді. Бұл – қалыпты жағдай. Бірақ кейінгі жылдары балалар арасында қызылшаның көбеюі медицина қызметкерле­рін алаңдатып отыр. Бір кезде бұл дертке қарсы вак­цина болмай, сәбилер көп ше­тінеген еді. Қазір вакцина бар, бі­рақ көптеген ата-ана оған күмәнмен қарап, бала­ларына еккізбейтін көрінеді. Бұл – әрине, ата-аналар тарапынан жібе­ріліп отырған ке­леңсіз жағдай, әрбір ата-ана …

Қызылшадан екпе қорғайды Read More »

Көмір жеткілікті

Қыс жақындаған сайын көмірге сұраныс артуда. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары өңірде қатты қара отын жеткілікті екенін айтуда. Жылыту маусымында облыс тұр­­ғындарын көмірмен толыққанды қам­ту үшін өңірге 420 мың тон­на отын қажет. Әзірге сату пунктеріне 237 тоннасы жеткізілген. Ол шама­мен қажетті қара отынның 57 па­йы­зын құрап отыр. Басқарма ма­ман­да­ры берген ақпарат бойынша …

Көмір жеткілікті Read More »

Таңбалау тегін

Қызылжар ауданына қа­рас­ты Боголюбово ауы­лын­да әлеуметтік жағы­нан аз қамтылған тұр­ғындардың ит-мысықта­­рына чиптер тегін қойы­луда. Облыстық ветеринария басқар­ма­сының мәліметінше, сәуір айынан бері өңірде үй жануарларына чип қою жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгіндері 5455 ит-мысық идентифи­кациялық таңбалаудан өткен. Оның – 103-і Қызылжар ау­данына тиесілі. – Чип қойылған жануарлардың барлығы “Tanba” арнайы ақпараттық жүйесінде тіркелді. Онда иелерінің ЖСН-і мен …

Таңбалау тегін Read More »

Үшеудің әккі әрекеті заң аясында әшкереленді

Петропавл қалалық соты Мәдениет үйінің директорына, ішкі аудит департаментінің заңгеріне, жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысына, сондай-ақ пара берген жеке кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі қарады. Ведомствоның мәліметінше, қа­ла­лық Мәдениет үйінің директоры Д. және ішкі аудит департаментінің заңгері У. – кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін, Д. – пара алғаны үшін және серіктестік бас­шысы К. бюджет қаражатын ұрла­ғаны, жеке …

Үшеудің әккі әрекеті заң аясында әшкереленді Read More »