«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Таңбалау тегін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданына қа­рас­ты Боголюбово ауы­лын­да әлеуметтік жағы­нан аз қамтылған тұр­ғындардың ит-мысықта­­рына чиптер тегін қойы­луда.

Облыстық ветеринария басқар­ма­сының мәліметінше, сәуір айынан бері өңірде үй жануарларына чип қою жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгіндері 5455 ит-мысық идентифи­кациялық таңбалаудан өткен. Оның – 103-і Қызылжар ау­данына тиесілі.

– Чип қойылған жануарлардың барлығы “Tanba” арнайы ақпараттық жүйесінде тіркелді. Онда иелерінің ЖСН-і мен ит-мысықтардың ден­сау­лық паспорты көрсетілген. Бас­қарма әлеуметтік аз қамтылған топ­қа жататын азаматтардың хайуанат­тарына 12759 чип сатып алды. Бү­гінгі таңда 597 жануар таңбаланды, – дейді облыстық ветеринария бас­қар­масының бөлім басшысы На­талья Тараканова.

Облыс тұрғындары ит-мы­сықтарға чиптерді жеке ветеринарлық клиникаларда және 14 ветери­нарлық станцияда қойдырта алады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp