«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үшеудің әккі әрекеті заң аясында әшкереленді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық соты Мәдениет үйінің директорына, ішкі аудит департаментінің заңгеріне, жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысына, сондай-ақ пара берген жеке кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі қарады.

Ведомствоның мәліметінше, қа­ла­лық Мәдениет үйінің директоры Д. және ішкі аудит департаментінің заңгері У. – кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін, Д. – пара алғаны үшін және серіктестік бас­шысы К. бюджет қаражатын ұрла­ғаны, жеке кәсіпкер П. – пара бер­гені үшін жауапқа тартылды.

Естеріңізге салайық, биыл қаң­тар айында облыс бойынша сыбай­лас жемқорлыққа қарсы қызмет Петропавл қалалық Мәдениет үйі­нің директорын пара алды деген кү­дікпен ұстап, тергеу жұмыстарын бастаған еді. Белгілі болғаны, өт­кен жылдың қазан айында Мәде­ниет үйінің директоры ішкі мемле­кеттік аудит департаментінің заңгерімен бірге қалалық Мәдениет үйі­нің көрермен залын жөндеуі тиіс адам­ды шеттетіп, басқа жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестік бас­шы­сы К.-мен заңсыз шартқа отыр­ған.

Кәсіпкер К. өзіне жүктелген мін­детті тиісті деңгейде орындамаға­ны­мен, Д. мен У. жұмысты еш ке­дергісіз қабылдаған. Осылайша үшеуі мемлекетке 7 млн. теңгеден астам шығын келтіреді. Сонымен қатар, Д. жеке кәсіпкер П.-дан орындал­ған жұмыс актісіне қол қойғаны және сахналық қойылымдарды бе­зендіру бойынша қыз­меттер көр­сетуге шарт жасағаны үшін 454 мың теңге көлемінде пара алған.

Сотталушылар өздеріне тағыл­ған айыпты мойындамады. Десек те олардың жасаған қылмысы куәгерлер мен сарапшылардың айғақтарымен, жазбаша дәлелде­мелермен толық дәлелденді. Сот үкім шығарарда олардың жас бала­лары бар екенін ескерді. Осы­лай­ша Мәдениет үйінің директоры Д.-ға 4 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйе­сінің орташа қауіпсіздік мекеме­сін­де өтейді. Асырауында кәмелетке толмаған төрт баласының болуына байланысты сот жазаны орын­дауды 5 жыл мер­зімге кейінге қал­дырды.

Ішкі аудит департаментінің заңгері У. алдағы төрт жылын қыл­мыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өткермек.

Серіктестік басшысы К. 3 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйе­сінің орташа қауіпсіздік мекеме­сінде өтейді.

Ал пара берген жеке кәсіпкер П.-ға параның 25 еселенген сомасына тең айыппұл түрінде жаза тағайындалды, бұл 11 млн. 350 мың теңгеге сәйкес келеді.

Сотталғандар өмір бойы мем­лекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp