«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Басым бағыт

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында шағын және ірі бизнестің тұрақты дамуына ерекше көңіл бөлді.  Қазіргі кезде жеке кәсіп ашамын деген кез келген жанға мүмкіндік мол, мемлекет тарапынан қолдау зор. Мемлекет басшысы: “Орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кетеді. Өйткені, оларға шағын бизнес деңгейінде қалған әлдеқайда “қолайлы”, – деді. Шағын бизнес өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуы үшін заңға өзгерістер енгізілуі керек. Еліміздің нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кәсіпорындар көп емес. Оларға қолдау көрсету қажет. Мұндай кәсіпорындардың әрқайсысына қатысты нақты жоспар әзірлеу керек. Сол арқылы олардың өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту қажет. Сондай-ақ Президент “Бизнестің жол картасы” және “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламаларын біріктіріп, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру міндетін қойған болатын.

Осы талаптарды жүзеге асыруды басты мақсат еткен “Даму” қоры шағын, орта және ірі бизнеске әркез жан-жақты қолдау көрсетеді. Жергілікті филиалға жүгінетіндердің басым бөлігі – шағын кәсіпкерлер. Өңір бойынша аталған қаржы ұйымы арқылы мемлекеттік бағдарламалар аясында барлығы 6 мыңға жуық жобаға 378 млрд. теңге бөлінді.

  Жалпы кәсіпкерлерге қолдау 4 бағытта жүргізіледі. Олар: субсидиялау, егер екінші деңгейлі банктер кәсіпкерге 20 пайыздық коммерциялық мөлшерлемемен несие ұсынса, “Даму” қоры бұл мөлшерлемені 7-8 пайызға дейін төмендетеді. Келесі қолдау тәсілі – кепілдік. Өндіріс саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді ынталандырудың үшінші құралы – “Даму Өндіріс” бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша кәсіпкер үшін мөлшерлеме 6 пайызды құрайды. Қолдау көрсетудің тағы бір жолы – барлығына қолжетімді, тегін онлайн оқыту курсы.

Жыл басынан бері облыста субсидиялау бойынша 29 млрд. теңгенің 245 жобасы жүзеге асырылды.  Ал кепілдік беру аясында 180 жобаға қатысты 8 млрд. теңге несие рәсімделді.

Әсел СЫЗДЫҚОВА,

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” облыстық филиалының бас менеджері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp