«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Таңбалау — заңсыз саудамен күресте тиімді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде соңғы жылдары тұрақты түрде тауарларға таңбалау жүргізу қолға алынғаны белгілі. Соның арқасында көлеңкелі айналымның үлесі төмендеп, халықты жалған өнімнен қорғауға мүмкіндік туды. Биылғы жылдың бірінші сәуірінен бастап елімізде аяқкиім тауарларын таңбалау және қадағалау ережелері толық күшіне енген болатын.

Жақында аяқкиім импорттаушы­лар үшін қоймаларда қалған тауар­ларды таңбалау мерзімін келер жыл­дың бірінші ақпанына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда елімізде жануарлар терісінен жасалған өнімдер, темекі бұйым­да­ры, аяқкиім мен дəрі-дəр­мек секілді төрт тауар тобына мін­детті таңбалау жүргізу қажет болса, зергерлік бұ­йым­дарды таңбалау қанатқақты жобасы ретінде іске асырылуда.

Жалпы еліміздегі аяқкиім тауар­лары айналымының 96 пайызы – импорттық, 4 пайызы ғана – отандық өнім. Цифрлық таңбалаудың басты артықшылығы сол, аяқкиімді бел­гілеп, тауарды жеткізу тізбегін қада­ғалауға мүмкіндік беруде. Биылғы жылдың қазан айында тауарларды таңбалау жəне қадағалау үшін 3,2 мың қатысушы тіркеліп, 78,3 млн.-нан астам таңбалау коды берілген. 12,1 мың таңбалау коды айналым­нан шығарылған.

Өнеркəсіп жəне құрылыс ми­нистрлігі аяқкиім қалдықтарын таң­ба­лау мерзімін 2023 жылғы 1 қа­рашадан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту жөніндегі жұмысты қол­ға алған болатын. Бірақ импорттау­шылардың өтініштерін аяқсыз қал­дырмай, кеңесте таңбалау мерзімін 2024 жылғы 1 ақпанға дейін тағы бір айға ұзарту туралы шешім шығарды. Сонымен аталған күнге дейін аяқ­киімді импорттаушылар өз қойма­ларында таңбалауға мүмкіндік алды.

Кеден қоймаларының тауар­ларды таңбалау үшін орын беруге дайындығы мен оның жағдайы – өзекті мәселелердің бірі. Қоймалар­дың көбінде жылу жоқ, кейбіреуі электр желілерімен жабдықталма­ған. Сон­дықтан Мемлекеттік кірістер комите­тіне қажетті инфрақұрылым мəсе­лесін шешу тапсырылды. “Таң­ба­лау­ды жалғастыру керек. Аяқ­киім­ді таңбалауда қазірдің өзінде нəтиже бар екенін, өз өндірісіміз өсіп, нарық тазарып жатқанын көріп отырмыз. Ол үшін аяқкиімді импортта­ушы­ларға, фармацевтикалық нарыққа жəне басқа да қатысушыларға осы үдерістің барлық мүмкіндігі мен шартын түсіндіріп, таңбалауға қа­жетті құрал-жабдықтардың құны туралы бизнесті нақты хабардар ету керек”, – деді министрлік өкілдері.

Тауарларды таңбалауды жүргізу­де тиісті кешенді шешімдерді бірікті­ретін құрылғыларды, дəрі-дəрмек нарығындағы қатысушыларға ақы­сыз негізде жабдықтарды беру мүмкіндігі бойынша екінші деңгейлі банктермен жұмыс жүргізу қажет. Сондай-ақ 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілетін дəрілік заттарды таңбалауға медициналық ұйым­дарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етумен Денсаулық сақ­тау министрлігі мен “Қазақтеле­ком” АҚ бірлесіп айналысатын болды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp