«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛДАУДАН ШЕТ ҚАЛМАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2023 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан Республикасының №224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексіне қол қойды.  2023 жылғы 1 шілдеде күшіне енген кодекс күші жойылған 10 заңды біріктірді. Олар: “Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы” 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы, “Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы” 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы. “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, “Қазақстан Республикасында мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы” 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы, “Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы, “Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы” 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылғы 2 тамыздағы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, “Халықты жұмыспен қамту туралы” 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы, “Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.

Мүгедектігі бар адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде бекітілген әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтарға ие, соның ішінде:

1) әлеуметтік қорғау, оның ішінде абилитация, оңалту, қоғамға ықпалдасу;

 2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек;

4) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі;

5) кәсіптік даярлау және қайта даярлау, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмысқа орналастыру;

6) инфрақұрылым объектілеріне, ақпараттандыруға, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық жарыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету;

7) өзінің сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыру;

8) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй;

  9) мемлекеттік және өзге де ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік ұйымдарында, көрсетілетін қызметтер саласында бірінші кезекте қызмет көрсету.

Әлеуметтік кодекстің 121-бабына сәйкес мыналарға шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі:

1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті  немесе жалғыз тұратын аз қамтылған адамдарға:

Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнет  жасқа жетуі; бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі; уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі екі айдан асатын аурудың болуы;

 2) құрамында еңбекке қабілетті адамдар жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарттарға күтім жасауды жүзеге асырады.

Әлеуметтік кодекстің 131-бабына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдардың (отбасылардың) осы кодексте көзделген тәртіппен  арнаулы әлеуметтік қызметтер алуға құқығы бар.

Әлеуметтік кодекстің 162-бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдар жеке бағдарламаға сәйкес есту-протездік, протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және “мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдары мен қызметтердің сыныптауышына” сәйкес арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік кодекстің 163-бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға жеке бағдарламаға сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жеке көмекшінің немесе тіл маманының қызметтері ұсынылады.

Әлеуметтік кодекстің 170-бабына сәйкес:

1) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

2) еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;

3) мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы (мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамға жәрдемақы);

 4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы (күтімді жүзеге асыратын адамға берілетін жәрдемақы) ала алады.

Әлеуметтік кодекстің 248-бабының 3-тармағына сәйкес бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, егер мүгедектік белгіленген болса, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден мерзімсіз босатылады.

Елена СУГУРОВА,

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының медициналық әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp