Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаменті мен “Бүркіт” арнайы жасағы бірлесіп ұйымдастырған операция кезінде 6637 әскери бөлімінің жүргізушісі қаза тапты. Әскери қызметшінің бірі абайсызда оқ атып, сержант Виталий Чужиковты жарақаттаған. 1985 жылы туған Виталий Николаевич Петропавл көпсалалы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр халде жеткізілген. Ақхалаттылар оны ажалдан құтқарып қала алмады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қызметтік тергеуді әскери бөлімнің командирі жүргізеді.
“Qyzyljarnews.kz”