«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қараша 13, 2023

Мәскеуліктер ықыласы

Ресей астанасы Мәскеуде “ГИТИС – шеберлік сағаты” деген атаумен ТМД елдерінің театр фестивалі ұйымдастырылды. Өнер салтанатына қатысушылардың арасында – облысымыздағы Ермек Серкебаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушылары да болды. Талантты студенттер Мәскеуге жазушы Мұхтар Әуезовтің әңгімесі бойынша сахналанған “Қорғансыздың күні” спектаклін апарған. Қойылымда ойнайтын әртістердің жасы 18-де. – “Қорғансыздың күні” – психологиялық шығарма. Туынды …

Мәскеуліктер ықыласы Read More »

Түркияны тамсандырған “Тұмар”

Солтүстікқазақстандық бишілер Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен “Istanbul autumn festival” байқауына қатысып, екі бірдей бас жүлде мен 1-ші орынды қанжығаларына байлап қайтты. Фестивальде ел намысын “Тұмар” ансамблі қорғады. Өнер ұжымының жетекшісі Ақерке Мұсалимованың шәкірттері байқауда “Қазақ елі”, “Қызыл оқ” және “Шаттық” билерін орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Модерн стиліндегі композициялар қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды. – Халықаралық …

Түркияны тамсандырған “Тұмар” Read More »

ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ

Петропавлда “Мен сенің өміріңнің жалғасымын” атты облыстық әкелер форумы өтті. Тәрбиелік мәні зор іс-шарада отбасындағы әкенің рөлі, саналы ата-ана мәдениетін қалыптастырудағы психологиялық-педагогикалық қолдау жайы кеңінен сөз болды. Облыста алғаш ұйымдастырылған республикалық форумға зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, ардагерлер, сондай-ақ облыстың түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам белсенді әке қатысты. Еркін форматтағы әкелер форумы пленарлық және сессиялық отырыстардан …

ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ Read More »

Абайсызда оқ тиді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаменті мен “Бүркіт” арнайы жасағы бірлесіп ұйымдастырған операция кезінде 6637 әскери бөлімінің жүргізушісі қаза тапты. Әскери қызметшінің бірі абайсызда оқ атып, сержант Виталий Чужиковты жарақаттаған. 1985 жылы туған Виталий Николаевич Петропавл көпсалалы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр халде жеткізілген. Ақхалаттылар оны ажалдан құтқарып қала алмады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қызметтік тергеуді …

Абайсызда оқ тиді Read More »

МӘҢГІЛІК АЛАУДЫҢ МАҢЫН ТАЗАРТТЫ

“Жастар рухы” жастар қанатының мүшелері “Вандализмге жол жоқ” экологиялық акциясын өткізді. Аталған шараға қатысқан жастар Петропавлдағы “Мәңгілік алау” аумағын тазартты. Күл-қоқысты жинап, қаптарға салды. “Бұл экологиялық акция жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік рухын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Өкінішке қарай “Мәңгілік алау” маңы күл-қоқысқа толған. Келушілер оған түрлі жазуларды жазып кеткен. Біз оның бәрін жуып, тазалап …

МӘҢГІЛІК АЛАУДЫҢ МАҢЫН ТАЗАРТТЫ Read More »

Алғашқы баспалдақ

Тайынша ауданындағы Чкалов елді мекенінде 2013 жылдың 30 тамызынан бастап “Дебют” шахмат-дойбы клубы жұмыс істейді. Он жылдың ішінде 150-ге жуық баланы зияткерлік ойынға тәрбиелеген клуб Сепен Көпеев пен Орынбай Сейітов есімді азаматтардың ұйытқы болуымен ашылған. “Дебют” сөзі француз тілінде бастау деген мағынаны білдіреді. Шахмат ойынындағы жүрістер фигураларды шабуыл жасауға ыңғайлы орналастырудан басталады. Орынбай Сейітовтің айтуынша, …

Алғашқы баспалдақ Read More »

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТӨЛ НЫШАНЫ

“Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “Теңге – тәуелсіздік келбеті” деген атаумен Ұлттық валюта күніне арналған жылжымалы көрме ашылды. Шараға қатысқан Ұлттық банктің облыстық филиалының мамандары мен еңбек ардагерлері төл теңгеміздің тарихына жан-жақты тоқталды. Облыстық мәдениет, тілдерді да­мыту және архив ісі басқармасы бас­шысының міндетін атқарушы Ер­нияз Сұлтан Ұлттық валютаны енгізу ел экономикасының қалыптасуы­ның алғышарты екенін айта …

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТӨЛ НЫШАНЫ Read More »

Озық тәжірибе

Петропавлда қыркүйек пен қазан айлары аралы­ғында педагогтар ара­сында өткен “Педагогика­лық панора­малар идеясы” облыстық байқауы­ның жеңімпаздары мен жүл­дегерлері марапатталды. Дәстүрлі байқаудың биыл­ғы ерекшелігі функцио­налды сауаттылықты да­мыту бағытын көз­деген. – Біз мұғалімдердің 12 бағыт бо­йынша ұсынған жұмыстарын ірікте­дік. Бұл байқау арқылы ұстаздардың озық тәжірибесін, біліктілігін жас ма­мандарға үлгі етуді ойладық. Ұстаз­дардың жинаған тәжірибелері мен өз пәндеріне деген …

Озық тәжірибе Read More »

Сарбаздарға — оқу гранты

Петропавлдағы 6637 әс­кери бөлімнің 16 сарбазы бі­лім грантына ие болды. Конкурстық іріктеуге республика­дан 2022 жылғы көктем және күз мезгілдерінде Отан алдындағы бо­рышын өтеуге шақырылған 17 253 сарбаз қатысты. Үміткерлер туралы деректер Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланып, араларынан ең үздік нәтижеге жеткендері іріктеліп алынды. Қорғаныс министрлігінің қолда­уы­мен жүзеге асырылған бағдарлама аясында сарбаздың әскерге келген күннен бастап қызмет …

Сарбаздарға — оқу гранты Read More »

Көлік жуатын авторобот

Облыстық полиция департаменті тылдық қамта­масыз ету басқармасының автокөлік шаруашылы­ғында автоматтандырылған заманауи көлік жуғыш қондырғысы іске қосылды. Бір ерек­шелігі, ол толығымен авто­мат­тандырылған. Бір көлікті жуу­ уақыты 5-6 ми­нут. Бір сағаттың ішінде 12 жеңіл ма­шина жуылады. Қондырғы жүк көлік­тері мен автобустарды да жуа алмайды. Бұрын қызметтік авто­көліктер қолмен жуылып, 30 минут немесе одан көп уақыт ала­тын. Енді …

Көлік жуатын авторобот Read More »

Қаржы пирамидасын құрған

Облыста “Qnet” қаржы пирамида­сын ұйымдастырды деген күдікпен 3 адам ұсталды. Облыстық экономика­лық тер­геу департаментінің мәліметін­ше, алаяқ­тар пирамиданы өңір аума­ғында 2018 жылы құрған. Олар алаяқ­тықпен 3 жыл бойы айналысып, 73 солтүстікқазақстандықты сан соқтыр­ған. Тұрғындарға келтірілген шығын көлемі 82 млн. теңгені құраған. “Qnet” қаржы пирамидасы Малай­зияда тіркелген. Аталмыш ұйым алға­шында халықаралық интернет сауда­сы­мен айналысқан. Оған мүше болу …

Қаржы пирамидасын құрған Read More »