“Жастар рухы” жастар қанатының мүшелері “Вандализмге жол жоқ” экологиялық акциясын өткізді.
Аталған шараға қатысқан жастар Петропавлдағы “Мәңгілік алау” аумағын тазартты. Күл-қоқысты жинап, қаптарға салды.
“Бұл экологиялық акция жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік рухын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Өкінішке қарай “Мәңгілік алау” маңы күл-қоқысқа толған. Келушілер оған түрлі жазуларды жазып кеткен. Біз оның бәрін жуып, тазалап шықтық. Аталған шара алдағы уақытта да жалғасын табады”, – деді “Жастар рухы” жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Біржан Құдайбергенов.
Аталған экологиялық іс-шара шаһарымызда алғаш рет өткізіліп отырған жоқ. Бұған дейін ұйым мүшелері “Qyzyljar Art” орталығының маңын ретке келтірген болатын. Айта кетейік, бұл республикалық тазалық акциясы еліміз бойынша қазанның 20-ы күні басталды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.