«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаңдауға негіз жоқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарашаның 7-сі күні облыс орталығындағы Жуков және Н.Назарбаев көшелерінің аралығындағы диаметрі 800 миллиметрлік кәріз коллекторының зақымдануына байланысты төтенше жағдай режімі енгізілген болатын. Апат орнына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барды.

Осы оқиғаға орай түсініктеме берген қала әкімі Серік Мұхамедиев құбырдың 1956 жылы іске қосылға­нын, бүгінде мұнда 19-шы, 20-шы шағынаудан, Жұ­мысшы кенті мен “Бе­рекеден”, сондай-ақ вокзал маңы аумағынан, Нефтепроводная көшесіндегі өндірістік аймақтан сарқынды сулар жиналатынын жеткізген.

“Қазір коллектор жұмыс істеп тұр. Бірақ әбден тозғандықтан, за­қымдану фактілері жиілеп кетті. Оның толық тоқтап қалуына жол бер­меу үшін қалпына келтіру мақса­тымен техногендік сипаттағы нақты шаралар қабылданатын болады. Жағдайға түсіністікпен қарауға ша­қырамыз, алаңдауға еш негіз жоқ”, – деді Серік Мақсұтұлы.

Сөз арасында қазан айында диа­метрі 800 миллиметрлік тағы бір кол­лектор опырылып түсіп, кәріз суы көпқабатты үйлердің жертөлелерін шайып кеткен. Су бұру кешенінің басшысы Вячеслав Визеров коллектордың 1966 жылы салынғанын, қызмет ету мерзімі әлдеқашан өтіп кеткенін айтқан.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов ақау анықталған кәріз кол­лекторының жөндеу жұмыстарымен танысып, уақытылы әрі сапалы орындалуын тиісті ведомстволарға тапсырды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp