«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қараша 14, 2023

Шежіре кеуде ақсақал

Өңірімізде өмірдің талай қилы кезеңдерін бастан өткеріп, білімі мен тәжірибесін еліміздің өркендеуі жолына арнаған, бүгінде жұртшылықтың құрметіне бөленіп отырған ардақты ақсақалдарымыз аз емес. Солардың бірі – Мағжан Жұмабаев ауданының құрметті азаматы Зейнолла Олжабаев. Әкеден ерте айырылып, талай шаңыраққа жазылмас жара, ұмытылмас қасірет әкелген соғыс басталғанда бұғанасы қатпаған жас бала анасына сүйеніш болып еңбекке ерте араласады. …

Шежіре кеуде ақсақал Read More »

МЕН БІЛЕТІН МӘЛІК МҰҚАНОВ

Мақтаныш үшін айтқалы отырған жоқпын, журналистика саласында 52 жыл қызмет істеген кезеңде менің де алдымнан талай жас өтті. Солардың арасында бірден оза шауып, төске ұрғандар да болды, үйірінен адасқан қаздай қайда келгенін түсіне алмай тәжірибесі толысып, пісіп-жетілгенше газеттің ауыр да күрделі қызметінің ғажабынан гөрі азабын көбірек тартқандар да кездесті. Осындай сәттерде менің ойыма көп жыл …

МЕН БІЛЕТІН МӘЛІК МҰҚАНОВ Read More »

Елдігіміздің белгісі

Биыл біз мемлекетіміздің тарихындағы ерекше күн – ұлттық валютамыздың енгізілгеніне 30 жыл толуын атап өтеміз. Қазақстан Жоғарғы Кеңесі ұлттық валютаны – теңге, ал 1 теңгенің жүзден бір бөлігін – тиын деп атауды дұрыс деп тапты. Кәсіби дизайнерлердің арнайы тобы алғашқы банкноттарды әзірлеумен айналысты. Олардың алдында банкноттарға арналған кескіндер тұжырымдамасын таңдау міндеті тұрды. Топ үш дизайн …

Елдігіміздің белгісі Read More »

Таньгадан теңгеге дейін

Кез келген егемен елдің рәмізі болатыны секілді өз валюта­­сының болуы да заңды. Ұлттық валютаны жариялап, оны айна­лымға енгізу – тәуелсіздіктің басты қадамда­рының бірі. Қазақтың теңгесі 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді. Елдің егемендігін жаңадан жар салған аумалы-төкпелі уақытта төл теңге­мізді дүниеге әкелу тәуекелді қадам болатын. Мем­лекеттегі экономика­лық қиындық­қа қарамастан, қазақ ұлтының тұңғыш валютасы жарық көрді. …

Таньгадан теңгеге дейін Read More »

ТУҒАН ЖЕРІН ТҮЛЕТКЕН

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Сулышоқ ауылы бес жылдың ішінде болашағы зор елді мекендердің қа­та­рына қосылды. Осы аралықта ауылда жаңа тұрғын үйлер бой кө­теріп, әлеуметтік нысандар пайда­ла­нуға берілді. Жол жөнделіп, ауыл­ға таза су тартылды. Тұрмысқа жай­лы жағдай жасалғандықтан мұндағы халық саны үш есе өсті. Ауылдың көркеюіне жергілікті кәсіпкер Қайрат Жәнібековтің қосқан үлесі зор. “Мектепті бітірісімен Петропавл­дағы ауыл …

ТУҒАН ЖЕРІН ТҮЛЕТКЕН Read More »

СҮТ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

Мамлют ауданына қарасты Краснознаменное ауылы тұрғында­рының негізгі табыс көзі – төрт түлік, оның сүті. Алайда бірнеше аптадан бері кіріс жоқ. Шикізат қа­былдау­шы­лар сапаның нашарлаға­нын алға тартып, сатып алуды қойған. Бұған қараша халық қа­палы. “Маслодел” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі өкілдерінің ай­туынша, тұрғындардан алынатын сүттің басым бөлігі талапқа сай емес. Жаңа сауылған сүтті пласт­масса шелекке құймау керек. Оның …

СҮТ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ Read More »

Алаңдауға негіз жоқ

Қарашаның 7-сі күні облыс орталығындағы Жуков және Н.Назарбаев көшелерінің аралығындағы диаметрі 800 миллиметрлік кәріз коллекторының зақымдануына байланысты төтенше жағдай режімі енгізілген болатын. Апат орнына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барды. Осы оқиғаға орай түсініктеме берген қала әкімі Серік Мұхамедиев құбырдың 1956 жылы іске қосылға­нын, бүгінде мұнда 19-шы, 20-шы шағынаудан, Жұ­мысшы кенті мен “Бе­рекеден”, сондай-ақ вокзал маңы …

Алаңдауға негіз жоқ Read More »

Теріскейліктер тәжірибесі

Петропавлда сүт өндірісі­мен айналысатын кәсіпкер­лерге арналған республиклық форум өтті. Жиында облыс кәсіпкерлері өз тәжірибеле­рімен бөлісіп, екінші күні елі­міздің түкпір-түкпірінен келген фермерлер өңірдің озық сүт шаруашылықтарын аралады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биыл­ғы Жолдауында тауарлы-сүт фермаларын салу ісінде біздің өңір республика бойынша көш басында еке­нін айтып, өңір кәсіпкерлерінің ең­бегіне жоғары баға берген болатын. Президент елімізде …

Теріскейліктер тәжірибесі Read More »

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕККЕ – АЛҒЫС

Ұлт­тық банктің Солтүстік Қа­зақстан фи­лиалында төл теңгеміздің 30 жыл­дық мерейтойына ар­налған салта­натты іс-шара өтті. Жиынға банк, қаржы саласының ма­мандары қа­тысып, айтулы күнінің ұлтымыз­дың тарихындағы маңызына тоқталды. Мерекелік іс-шарада теңгенің 30 жылдығына орай арнайы фильм көрсе­тілді. Облыс әкімінің орынба­сары Қанат Дүзелбаев теңгенің айтулы жетістіктері туралы арнайы баяндама жасап, қаржы саласы мамандарының қажырлы еңбегіне алғысын білдірді. Ол …

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕККЕ – АЛҒЫС Read More »

Басқармада – жаңа басшы

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және ар­хив ісі басқар­ма­сын енді Ержан Құлымбетов басқарады. 39 жастағы Ержан Мей­рам­бек­ұлы Қызылорда қаласында дүние­ге келген. Ресейдің Мәскеу қаласын­­да­ғы театр өнері универ­ситетін ак­тер­лік шеберлік маман­дығы бойын­ша тамамдаған. 2008-2010 жыл­дар ара­лығында Италияның Ми­лан қа­ласындағы му­зыкалық театрда тә­жі­­ри­бе жина­ған. Еңбек жолын 2005 жылы Бай­қоңыр қала­сындағы Мәде­ниет са­райында музыкалық сүйемел­деуші болып бас­тады. Түрлі жыл­дары …

Басқармада – жаңа басшы Read More »

Палата директоры ауысты

“Атамекен” Ұлттық кәсіпкер­лер палатасының шешімімен өңір­лік ке­ңестің келісімі бойынша об­лыстық кәсіпкерлер палатасының директо­ры болып Есжан Оразалин таға­йын­далды. Есжан Қабиұлы 1970 жылы Шал ақын ауданының орта­лығы Сер­геевка қаласында дүние­ге келген. 1995 жылы Көкшетау ауыл ша­руашылығы университетін “Ғалым агроном” мамандығы бойынша бі­тір­­ген. 2006 жылы М.Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қазақстан универ­­ситетін тамам­даған. Еңбек жолын 1989 жылы бас­таған. Әр жылдары …

Палата директоры ауысты Read More »