«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЖАЛДАН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жедел жәрдем” қызметінің мәліметінше, қарашаның 14-і күні сағат 20:30-да “103” пультіне облыс орталығы тұрғынынан шақырту түскен. Белгілі болғандай, 72 жастағы ер адам кеудесіндегі ауырсынуға шағымданып, туысқандарынан көмек сұрапты. Арада көп уақыт өтпей мекенжайға фельдшерлер Жұлдыз Қаскенов пен Бақтияр Айкенов жеткен.

Денсаулық сақтау саласы мамандарының сөзінше, жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жеткіліксіздігінен науқастың жағдайы нашарлаған. ЭКГ-ның нәтижесінен миокард инфарктісінің белгілері байқалған. Көмек көрсету кезінде зейнеткердің жүрегі тоқтап, дәрігерлерді қатты алаңдатады. Реанимациялық іс-шараларды жүргізу үшін қосымша бригада шақыртылды. ACLS стандартына сәйкес кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясының 7 циклынан кейін жүрек қызметі қалпына келтірілді. Осылайша Ерғали Исмагулов пен Александр Сторчаковтың жедел әрекетінің арқасында 72 жастағы ер адам клиникалық өлімнен құтқарылды.

Сәлімхан СӘБИТОВ,

облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp