«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қараша 17, 2023

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫҢ ТАРИХЫ ТЕРЕҢДЕ

Шахмат – барша әлемге танымал спорт. Шаршы тақта мен фигураларды білмейтіндер сирек. Тіпті атақты гроссмейстерлердің есімдері де ел аузында. Гарри Каспаров, Бобби Фишер, Магнус Карлсен деп жалғасып кете береді. Қазақтың тоғызқұмалағы шахмат сияқты танымал болмағанымен, адамның ойлау қабілетін дамытып, есепке жүйріктігін шыңдауға келгенде артық жақтары көп. Сондықтан да соңғы жылдары бұл ойынға қызығушылар қатары артып …

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫҢ ТАРИХЫ ТЕРЕҢДЕ Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҰЛЫ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Кеңес Одағының Батыры Сағадат НұрмағамбетовтІң туғанына 100 жыл толуына орай “Халықтың жүрегіндегі қаһарман” атты көшпелі көрме ашылды. Көрме сөресіне Екінші дүниежүзілік соғыста көзсіз ерлік көрсетіп, небәрі 21 жасында Кеңес Одағының Батыры атағын алған аңыз адамның өмірі мен әскери қызметінен сыр шертетін 100-ден аса құнды жәдігер қойылған. батырдың “Халық қаһарманы” медалі, әскери киімдері, …

ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҰЛЫ Read More »

Қос ғашықтың қилы тағдыры

Ресейдің Рязань облысында “Свидания на Театральной” атты халықаралық фестиваль өтуде. Мәдени шараға Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры қатысуда. Биыл VIII мәрте ұйымдастырылған халықаралық фестивальде Қазақстан мен Ресейдің драма театрлары бақ сынауда. Өңіріміздегі өнер ордасы шараға арнайы шақырылыпты. Фестивальде петропавлдық өнер ұжымы көрермендер назарына “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” трагедиясын ұсынды. – “Қозы Көрпеш – …

Қос ғашықтың қилы тағдыры Read More »

АЖАЛДАН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ

“Жедел жәрдем” қызметінің мәліметінше, қарашаның 14-і күні сағат 20:30-да “103” пультіне облыс орталығы тұрғынынан шақырту түскен. Белгілі болғандай, 72 жастағы ер адам кеудесіндегі ауырсынуға шағымданып, туысқандарынан көмек сұрапты. Арада көп уақыт өтпей мекенжайға фельдшерлер Жұлдыз Қаскенов пен Бақтияр Айкенов жеткен. Денсаулық сақтау саласы мамандарының сөзінше, жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жеткіліксіздігінен науқастың жағдайы нашарлаған. ЭКГ-ның …

АЖАЛДАН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ Read More »

Жол белгілері жаңартылуда

Облыс жолдарында жыл басынан бері 327 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның 113-і жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты болған. Орын алған жол апаттарының 25-іне жаяу жүргіншілер кінәлі. Жүргізушілердің жолдағы тәртібін арттыруға бағытталған рейдтерден бөлек, тәртіп сақшылары жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарына ден қоюда. Полицейлердің ұсыныстары бойынша білім ордалары мен адамдар көп жиналатын орындарға жақын орналасқан көшелердегі жол белгілері …

Жол белгілері жаңартылуда Read More »

Науқас адамға несие рәсімдеген

Облыс прокурорларының тексерісінен кейін психикалық ауруы бар адамға 300 мың теңгеге жуық несиенің рәсімделгені анықталды. 2021 жылы “Kaspi Вank” акционерлік қоғамы арқылы облыс орталығының тұрғынына несие рәсімделген. Осылайша Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптары бұзылған. Прокурорлар несиені заңсыз рәсімдеу дерегін халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша жүргізілген қадағалау жұмысы аясында анықтады. Ақыл-есі кем, әрекетке қабілетсіз …

Науқас адамға несие рәсімдеген Read More »