«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қос ғашықтың қилы тағдыры

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ресейдің Рязань облысында “Свидания на Театральной” атты халықаралық фестиваль өтуде. Мәдени шараға Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры қатысуда.

Биыл VIII мәрте ұйымдастырылған халықаралық фестивальде Қазақстан мен Ресейдің драма театрлары бақ сынауда. Өңіріміздегі өнер ордасы шараға арнайы шақырылыпты.

Фестивальде петропавлдық өнер ұжымы көрермендер назарына “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” трагедиясын ұсынды.

– “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” хикаясы Қарабай мен Сарыбайдың құда болмаққа сөз байласуынан басталып, кейіннен екеуінің перзенттері Қозы мен Баянның бір-біріне деген сүйіспеншілігімен жалғасып, ақыры қос ғашықтың қайғылы өлімімен аяқталады. Қойылымды тамашалағандар актерлеріміздің өнерлеріне тәнті болды, – дейді Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Тимур Кәрімжанов.

Фестиваль қарашаның 19-на дейін жалғаспақ. Оның қорытындысы бойынша үздік өнер труппасы анықталып, театрлар түрлі аталымдар бойынша марапатталмақ.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp