«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мүлікті түгендеудің талаптары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының мем­лекеттік органдары үшін түген­деудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: ұзақ мерзімді ак­тив­тердің, қорлардың, ақша құрал­дарының және өзге активтердің іс жүзінде қолда барын айқындау; ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақ­ша құралдарының және өзге ак­тив­тердің іс жүзінде қолда барын бух­галтерлік есептің деректерімен са­лыстыру; пайдаланылмайтын ма­те­риалдық құндылықтарды айқын­дау; материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын сақтау қағи­далары мен шарттарының сақта­луын тексе­ру; есепте дебиторлық жә­­не кредиторлық берешекті, қар­жы инвести­цияларын және бағалы қағаздарды көрсетудің толықтығын тексеру.

Түгендеу жылдық қаржылық есептілікті жасау алдында; мате­риал­дық-жауапты адамдарды ауыс­тыру кезінде (қабылдап алу-тапсыру күніне); ұрлау немесе теріс пайдалану, сондай-ақ мүлікті бүлді­ру фактісін анықтаған кезде; өрт не­месе табиғи апаттар және өзге тө­тенше жағдайлар болған жағдайда; мемлекеттік мекемені таратқан, заңды тұлға ретінде қайта ұйымдас­тырған (қосу және біріктіру, бөлу, бө­ліп беру және қайта құру) кезінде жүр­гізіледі.

Мемлекеттік мекемелер түген­деуді мынадай мерзімдерде:

– машиналар мен жабдықтар­ды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс пен шаруашылық құрал-сай­мандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді – жылына кемінде бір рет 1-ші қазаннан кейін;

– ғимараттарды, құрылыс­тар­ды, өтпелі құрылыстар мен басқа да жылжымайтын активтер объектіле­рін – жылына кемінде бір рет 1-ші қа­заннан кейін;

– оқу, ғылыми және басқа мақ­сат­тарға арналған материалдарды, шаруашылық материалдарын және кеңсе мүліктерін, дәрі-дәрмектер мен байлап-таңу заттарын, отынды, жанар-жағармай материалдарын, мал азығы мен жемдерін өзге де мате­риалдарды, арнайы киімді және өзге де жеке пайдаланатын заттар­ды – жылына кемінде бір рет, бірақ 1-ші қазаннан кейін;

– ақшаны, ақша құжаттарын, құн­дылықтар мен қатаң есептегі бланк­терді – мемлекеттік мекеменің бас­шысы немесе ол уәкілеттік берген адам, белгілеген мерзімдерді тоқ­санына бір реттен кем емес;

– баланстың басқа да баптарын – 1-ші қаңтардағы жағдай бойынша жүргізуге міндетті.

Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмi де­рек­терімен расталған “Мемлекеттік мүлік туралы” 2011 жылғы 1-ші нау­рыз­дағы Заңның 21-бабында көзделген жекелеген негіздер бойынша мем­ле­кеттің меншігіне айналдырылған (түскен) бағаланған мүлік жекелеген негіздер бойынша расталады – 1-ші қаңтардағы және 1-ші шілдедегі жағ­дай бойынша жылына екі рет.

Түгендеу жүргізу үшін мемле­кет­тік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның бұй­рығымен түгендеу комиссиясы құ­рылады, түгендеу жүргізудің бастау және аяқтау мерзімдері белгіленеді.

Түгендеу комиссиясы бас бух­галтерді немесе оны алмастыратын адамды қоса алғанда, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасынан құрамында кемінде үш адамнан құрылады. Түгендеу комиссиясын мемлекеттік мекеменің басшысы немесе оның орынбасары бас­қарады.

Мемлекеттік мекеменің бас­шысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға белгіленген мерзімде есептеу объектілерінің іс жүзінде болуын толығымен қамтамасыз етеді.

Үлкен номенклатуралық құнды­лығы бар мемлекеттік мекемелерде аралық түгендеу кезеңінде мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның өкімі бойынша материалдық құнды­лықтарды сақтау және қайта өңдеу орындарында таңдаулы түгендеу жүргізіледі.

Дариға КАМАЛИЕВА,

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp