«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қараша 18, 2023

КӨКПАРДА ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫ ТҰР (“Көкпарды каска киіп тартса қайтеді?” 2 қараша 2023 жыл)

Ата-бабадан бүгінгі ұрпаққа мирас етілген ұлттық ойындарымыздың бірі – көкпар. Журналист Аманжол Зағыпардың “Көкпарды каска киіп тартса қайтеді?” деген мақаласын бір деммен оқып шықтым. Аға жаттықтырушы ретінде өз ойымды ортаға салып, азаматтық пікірімді білдіруді жөн санаймын. Бала кезімізден ат жалына жармасып өскендіктен болар, есейе келе көкпарға ерекше қызыға бастадым.  1993  жылы атымды баптап, өзім де …

КӨКПАРДА ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫ ТҰР (“Көкпарды каска киіп тартса қайтеді?” 2 қараша 2023 жыл) Read More »

ГАЗЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚУДАЛАУ

1937 жылы Кеңес одағының та­ри­хында ұлы қырғын, жаппай қуғын-сүргін жылы болып, қара таңбамен таңбаланды. Бүкіл елді іштен бүл­діріп, адамгершілік ақыл-парасатты аяққа басқан, “халық жауларын” тауып, құрту науқаны жүріп жатты. Мұндай саяси науқан, ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдары қыз­меткерлерінің арасында жүргізілгені айтпаса да түсінікті. Қас қылғандай 1937 жылғы 10 сәуірде “Бостандық туында” әріп қатесі кетті. Яғни …

ГАЗЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚУДАЛАУ Read More »

Лауазымды тұлғалар жазаланды

Облыс прокурорлары заңды бұза отыра жұмсалмақ болған бюджеттің 4,3 млрд. теңгесін қазынаға қайтарды. Бұған жол берген жергілікті атқарушы биліктің 59 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды. Облыстық прокуратураның мәліметінше, қадағалаушы орган бюджеттік қаражатты жұмсау саласына талдау жүргізіп, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың жүйелі түрде бұзылғанын анықтаған. Петропавл қалалық құрылыс бөлімінің лауазымды қызметкерлері “Мемлекеттік сатып алу және сәулет, …

Лауазымды тұлғалар жазаланды Read More »

“Япурайдың” бірнеше нұсқасы бар

Естігенде еміне еліктіріп, буы тұла бойды ерітетін әсерлі, өрнекті әндер болады. Сол әннің бірі һәм бірегейі – “Япурай”. Әннің шығу тарихы жөнінде пікірлер сан-саққа таралып, әртүрлі жорамалдар айтылып жүр. Белгілі музыка зерттеушілері мұнда ежелгі түркі-моңғолдық сарын бар десе, кейінгі кезде әнді Мағжан Жұмабаевқа телушілер басым. Мағжан ақынды көзі көрген­дердің жазуынша, ақын домбыра шертіп, ән шырқамаған …

“Япурайдың” бірнеше нұсқасы бар Read More »

Мүлікті түгендеудің талаптары

Қазақстан Республикасының мем­лекеттік органдары үшін түген­деудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: ұзақ мерзімді ак­тив­тердің, қорлардың, ақша құрал­дарының және өзге активтердің іс жүзінде қолда барын айқындау; ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақ­ша құралдарының және өзге ак­тив­тердің іс жүзінде қолда барын бух­галтерлік есептің деректерімен са­лыстыру; пайдаланылмайтын ма­те­риалдық құндылықтарды айқын­дау; материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын сақтау қағи­далары мен шарттарының …

Мүлікті түгендеудің талаптары Read More »

Заңсыз тексеріске тосқауыл

Облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов өңіріміздің кә­сіпкерлер қауымымен кездесті. Жиынға облыс әкімдігінің, облыс­тық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен бизнесмендер, инвесторлар қатысты. Кездесу барысында облыс про­ку­роры кәсіпкерлерге қатысты түрлі мәселелер мен атқарылып жатқан шаруалар жайында кеңінен мағлұмат берді. Жыл басынан бері 65 кәсіп иесі түрлі сұрақтармен облыстық про­куратураға хабарласқан. Олардың көтерген мәселелері мен өтініштері назарға алынып, шешімін табудың …

Заңсыз тексеріске тосқауыл Read More »

Аққайыңдағы келелі істер

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Аққайың ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Аудан әкімі Рүстем Елубаев атқарылған шаруаларды жіпке тізгендей баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. “Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою – мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдықтары. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрқашан мемлекеттік басқарудың маңызды міндеті болып табылады”, – деген Рүстем Мұқашұлы биыл ауданда атқарылған жұмыстарға …

Аққайыңдағы келелі істер Read More »

Сапасыз құрылыс

Уәлиханов ауданының орталығы – Кішкенекөл ауылындағы дәрігерлерге арналған үй қазан айының соңында тапсырылуы тиіс еді. Алайда  нысан әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген.  Оның бір себебі – баспананың терезелерінде жарықтар пайда болған. Бұл олқылылықтарды “AMANAT” партиясы облыстық филиалының мүшелері мониторинг барысында анықтады. Нысанды тексеру кезінде терезенің дұрыс орнатылмағаны белгілі болды. “Баспанада барлығы 62 терезе бар. Олардың …

Сапасыз құрылыс Read More »

АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ

Стратегиялық маңызы зор сала­лардың бірі – ауыл шаруашылығы. Мемлекет агроөнеркәсіп ке­шеніне озық технологияларды енгі­зіп, сек­тордың бәсекеге қабілетті­лі­гін арт­тыруға мүдделі. Президент Қасым-Жомарт То­қаев экономикалық ре­формаларға басымдық беріп, ішкі на­рықты халық тұтынатын бірін­ші қа­жетті азық-түлікпен, отандық тауарлармен қамтамасыз етудің бір­тұтас жүйесін айқындады. Осы ретте бүгінгі күні импортқа тәуелді­лікті азайтуға мүмкіндік беретін, жер­гілікті өнім үлесі жоғары өндіріс ке­шенін …

АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ Read More »

Дайындық ойдағыдай

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрмановтың төрағалығымен “Қыс – 2023” республикалық командалық-штабтық жаттығуларына дайындық бойынша жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңес жұмысына облыстық құрылым­дардың, азаматтық қорғау қызмет­терінің және тіршілікті қам­та­масыз ету объектілерінің басшылары, об­лыстық төтенше жағдай департаментінің басшылық құра­мы мен маман­дары, сондай-ақ Петропавл қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. Жиында облыс әкімінің орын­басары Рүстем Құрманов аталмыш …

Дайындық ойдағыдай Read More »

Заманауи сүт зауыты

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхам­бетов Петропавлдағы сарымай, қай­мақ және қатты ірімшік шығаратын “Еurasian milk” сүт зауытының жұмы­сымен танысты. Бұл – облыстағы қатты ірімшік шыға­ратын жалғыз кәсіпорын. Тарихы 1928 жылы басталған. Зауыт толық қуатта жұмыс істей бастағанда жы­лына 2,5 мың тонна ірімшік өндіретін болады. Бүгінде салынған инвестиция көлемі – 13 млрд. теңге. Бұл кәсіпорын бұрынғы Петро­павл сүт …

Заманауи сүт зауыты Read More »

ДАЛА ЕҢБЕККЕРІНІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара көз алдымызға қазақтың кең де дарқан даласын елестететін, оның баурайында алтын астық өсіріп, молшылық жорығына зор үлес қосып жүрген халықтың достығын, бауырмалдығын паш ететін композициялық қойылыммен ашылды. Бұдан кейін мінбеге көтерілген облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов солтүстікқазақстандық дала еңбеккер­лерін айтулы мерекемен құттықтап, күз маусымы …

ДАЛА ЕҢБЕККЕРІНІҢ ЕҢСЕСІ БИІК Read More »

ҚОЛДАУҒА ӘЗІР

Өңірімізге индустрия және инф­ра­құрылымдық даму вице-министрі Азамат Бейісбеков жұмыс сапары­мен келді. Вице-министр тұрғындармен кездесіп, өңірдегі құ­рылыс, өнеркәсіп, инфрақұрылым және тұрғын үй шаруашылығы мә­селелері бойынша түйінді сұрақтарға жауап берді. Бұдан кейін Азамат Бейісбеков жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, өңірдегі жағдайды баяндады. “Бүгін Солтүстік Қазақстан об­лы­сындағы маңызды мәселелер мен өзекті проблемалар жөнінде ал­қалы жиын өткіздік. Жиында ха­лықты толғандырған …

ҚОЛДАУҒА ӘЗІР Read More »

Кәсіби маман

Қай мекеме-ұйымды алыңыз, есеп­шісіз көзге елестету қиын. Есеп­ші кез келген қызмет саласында үл­кен сұранысқа ие мамандықтардың бірі саналады. Күн сайын жаңа заңнамалар қабылданып, қаулылар мен ережелер пайда болып жатады. Мұның бәрін ой елегінен өткізіп, тігі­сін жатқыза орындаудың өзі қанша­ма қажыр-қайратты, бұған қоса бі­ліктілік, жауапкершілік, табанды­лық, зейінділік сынды қасиеттерді талап етеді десеңізші! Құзыреттілік дегеннен шығады, жұмысқа …

Кәсіби маман Read More »