«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дайындық ойдағыдай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрмановтың төрағалығымен “Қыс – 2023” республикалық командалық-штабтық жаттығуларына дайындық бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңес жұмысына облыстық құрылым­дардың, азаматтық қорғау қызмет­терінің және тіршілікті қам­та­масыз ету объектілерінің басшылары, об­лыстық төтенше жағдай департаментінің басшылық құра­мы мен маман­дары, сондай-ақ Петропавл қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Жиында облыс әкімінің орын­басары Рүстем Құрманов аталмыш шараның мемлекеттің азаматтық қорғау жүйесін дамыту мен нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. 

“Жаттығу штабы Петропавл қа­ласында орналастырылады және барлығымыз республикалық маңы­зы бар осындай маңызды іс-шараны лайықты өткізу жөніндегі міндет­терді шешуі­міз керек”, – деп атап өтті Рүс­тем Құрманов.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынба­сары, подполковник Мұрат Қанғо­жи­нов жаттығудың негізгі міндет­тері мен мақсаттары, ұйымдасты­рушылық және практикалық си­паттағы іс-шаралардың орында­луы, ақпараттық қамтамасыз ету туралы арнайы баяндама жасады. Ол жаттығудың барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы, облыс орталығындағы және аудандардағы оқу орындарында практикалық іс-шараларды орындау мә­селеле­рін атап өтті.

“Жаттығу шеңберінде жанар-жағармай материалдарының, азық-түлік, материалдық-техника­лық, медициналық және басқа да резервтердің қысқы кезеңге арналған қорларының болуын қамтамасыз ету қажет”, – деді Мұрат Серікұлы. Ол синоптиктердің болжамы бойынша алдағы қыста қалың қар, жел мен боран күтілетінін, сондықтан оған дайындық қазіргі басты мін­дет екенін атап өтті.

Жұмыс кеңесін қорытынды­лаған облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов “Қыс – 2023” жат­тығуына дайындық бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Серік НАУРЫЗБАЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі.        

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp