«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заманауи сүт зауыты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхам­бетов Петропавлдағы сарымай, қай­мақ және қатты ірімшік шығаратын “Еurasian milk” сүт зауытының жұмы­сымен танысты. Бұл – облыстағы қатты ірімшік шыға­ратын жалғыз кәсіпорын. Тарихы 1928 жылы басталған. Зауыт толық қуатта жұмыс істей бастағанда жы­лына 2,5 мың тонна ірімшік өндіретін болады. Бүгінде салынған инвестиция көлемі – 13 млрд. теңге.

Бұл кәсіпорын бұрынғы Петро­павл сүт зауытының негізінде құ­рыл­ған. Осыдан үш жыл бұрын пай­далануға берілді. Техникалық жабдық­талуы бойынша елдегі ең зама­науи сүт өндірістерінің бірі. Зауытқа бірнеше желі орнатылған, олар: сүт қабылдау және өңдеу, сарымай өн­діру, ірімшік өндіру және “моцарел­ла” типті ірімшік шығаратын жабдықтар. Қондырғылар Германия, Швейцария, Италия және Австрия елдерінен әкелінген.

Кәсіпорынды аралап көрген Ғауез Торсанұлы “Еurasian milk” – тің қазақстандық сүт өнімдері нарығын дамытуға және өңір экономикасына қомақты үлес қосып отырғанына назар аударды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp