«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңсыз тексеріске тосқауыл

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов өңіріміздің кә­сіпкерлер қауымымен кездесті. Жиынға облыс әкімдігінің, облыс­тық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен бизнесмендер, инвесторлар қатысты.

Кездесу барысында облыс про­ку­роры кәсіпкерлерге қатысты түрлі мәселелер мен атқарылып жатқан шаруалар жайында кеңінен мағлұмат берді.

Жыл басынан бері 65 кәсіп иесі түрлі сұрақтармен облыстық про­куратураға хабарласқан. Олардың көтерген мәселелері мен өтініштері назарға алынып, шешімін табудың барлық тетігі іске қосылған. Әсіресе Бас прокурордың бизнес субъекті­ле­рінің және азаматтардың шағымдарын қарау жұмысын күшейту туралы нұсқауы басты назарға алынған.

Осы ретте бизнестің құқықта­рын және заңды мүдделерін қорғау сұ­рағы облыс прокуратурасының ерекше бақылауында. Қазіргі кезде облысымызда 64 инвестициялық жо­ба жүзеге асырылуда. Бұл жоба­лар­дың жұмысын және инвестор­лар­дың құқығын қорғау мәселесі бо­йынша мобильді топ үзіліссіз жұмыс істеуде. “Мәселен, таяуда мобильді топқа “Nord Panels” ЖШС-дан көші-қон полицейлерінің тексе­ріс жүргізіп жатқаны туралы қоңы­рау келіп түскен. Шұғыл түрде сол жерге жеткен прокуратура өкілдері инвестордың заңды құқығын қорғап, мәселенің шешілуіне мұрындық болды. “Тобол Моторс” ЖШС 3 айдан бері жергілікті атқару­шы билік өкілдерінен архитекту­ра­лық жоспар сызбасын ала алмай жүр­гендерін айтып, прокуратураға ха­барласты. Заң бойын­ша инвестордың талаптарын орын­дауды сұрап, тиісті мекемелерге хабарластық. “Тобол Моторс” ЖШС қажетті құжаттарына қол жеткізді”, – дейді Қайрат Әбдіханов.

Ал көпсалалы аурухана инвес­то­ры “АТМ Petropavl Hospital” ЖШС қосымша стансаның болмауынан электр желілеріне қосыла алмай жүр­генін айтып, облыстық прокура­тураға хабарласты. Прокура­тураның араласуымен мәселе оң шешімін тапқан. 400 бас ірі-қара алу үшін мемлекеттен арнайы субсидия алуға өтініш білдіргені­мен, “ZHA-Group LTD” ЖШС мақсатына жете алмаған. Мәселемен облыс­тық прокуратура өкілдері айналы­сып, нәтижесінде “ZHA-Group LTD” ЖШС енді аймақтағы ірі инвестор­лар қатарына кірді”, – деген облыс прокуроры инвестор­лар­дың құқығын қорғау бойынша осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын мәлімдеді.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp