«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кәсіби маман

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қай мекеме-ұйымды алыңыз, есеп­шісіз көзге елестету қиын. Есеп­ші кез келген қызмет саласында үл­кен сұранысқа ие мамандықтардың бірі саналады. Күн сайын жаңа заңнамалар қабылданып, қаулылар мен ережелер пайда болып жатады. Мұның бәрін ой елегінен өткізіп, тігі­сін жатқыза орындаудың өзі қанша­ма қажыр-қайратты, бұған қоса бі­ліктілік, жауапкершілік, табанды­лық, зейінділік сынды қасиеттерді талап етеді десеңізші!

Құзыреттілік дегеннен шығады, жұмысқа қабылдау кезінде адамның іскерлігі мен кәсіби шеберлігін тәжі­рибеге қарап бағалайтын жайттар аз кездеспейді. Біздің кейіпкері­міз Валентина Есілбаеваның жұмыс өтілі – 35 жыл. Тимирязев ауданын­дағы Ленин ауылында дүниеге кел­ген ол мектеп бітірген соң есеп учи­лищесіне оқуға түскен. Одан кейін Қос­танай кооперативтік техникумын бітірді. Еңбек жолын Степное ша­руашылығында бастап, 2005 жылы аудандық білім бөліміне бас есепші болып ауыса­ды. Содан бері өз ісінің кәсіби мама­ны ретінде әбден шыңдалып, ста­тистикалық және қаржылық қызмет­терді жетік меңгерді. Бүгінде ол әріп­тестері арасында жоғары беделге ие.

Валентина Түкенқызы – ардақ­ты ана, немерелерінің бал тілін қы­зықтап отырған аяулы әже. Екі ұл тәр­биелеп өсірді. Тұңғышы – Қанат М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақстан университетін қаржыгер ма­мандығы бойынша бітірген. Берік Қос­танай колледжін аяқтап, қазір жол саласында еңбек етуде.

Әсем ТАСМАҒАНБЕТОВА.

Тимирязев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp