«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Лауазымды тұлғалар жазаланды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс прокурорлары заңды бұза отыра жұмсалмақ болған бюджеттің 4,3 млрд. теңгесін қазынаға қайтарды. Бұған жол берген жергілікті атқарушы биліктің 59 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, қадағалаушы орган бюджеттік қаражатты жұмсау саласына талдау жүргізіп, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың жүйелі түрде бұзылғанын анықтаған.

Петропавл қалалық құрылыс бөлімінің лауазымды қызметкерлері “Мемлекеттік сатып алу және сәулет, қала құрылысы саласы туралы” Заңның талаптарын бұзған. Олар жер учаскесінің құжаттарының жоқтығына қарамастан, 2,5 млрд. теңгеге көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүргізген.

Ал облыс әкімдігінің лауазымды мамандары Бюджеттік кодекстің талаптарына қарамастан ешқандай негізсіз ғимарат сатып алу үшін 1,1 млрд. теңге көлемінде бюджет қаражатын бөлген. Кейін “Мемлекеттік сатып алулар туралы” Заңның талаптарын бұза отыра, ашық конкурсты негізсіз шектеулермен жүргізген.

Прокурорлардың актілері бойынша бұл сатып алулардың күші жойылды, жергілікті атқарушы органдардың кінәлі лауазымды қызметкерлері әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp