«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Адасқан малшылар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс күндері боранда үш адам адасып кеткен. Тимирязев ауданындағы Степное ауылының 39 жастағы тұрғыны кешкі сағат алты кезінде малын іздеп жүріп, қайтар жолды таба алмай қалады. Оны іздеуге тоғыз адам және төрт техника жұмылдырылған. Ер адам түн ортасына қарай табылған.

Айыртау ауданында кешкі сағат жетіде мал іздеп кеткен 50 жастағы ер адамның қайда екені түнде анықталған. Оны 12 құтқарушы мен полиция қызметкері іздеп тауып алады.

Жамбыл ауданындағы 60 жастағы ер адам Майбалық және Украинка елді мекендерінің арасында жоғалып кеткен. Ауыл тұрғыны да мал бағуға шыққан.  Іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен полицейлер жұмылдырылған.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp