«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жолдама үшін талас

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу сынында Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариноны қабылдады.

Кездесу елордадағы “Астана Арена” стадионында өтті. Матч басталысымен ұлттық құрама аяқдопшылары шабуылды үдетті. Кездесудің 19-шы минутында Ислам Чесноков қақпаны дәл көздеді. Ойынның екінші бөлімінде ұлттық құрама аяқдопшылары қарқындарына қарқын қосып, 51-ші минутта есепті еселеді. Дубль авторы – Ислам Чесноков.

Қонақтар да ара-тұра шабуылдар ұйымдастырды. Сол шабуылдардың бірінде Симоне Франсиоси есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен кездесудің соңында қарсылас қақпасына он бір метрлік айып добы белгіленді. Абат Айымбетов мүлт кеткен жоқ.

18 ұпай жинаған Қазақстан турнир кестесінде 3-ші орында келеді. Топ басындағы Дания алғашқы жолдаманың иесі атанды, ал екінші жолдамаға 19 ұпайы бар Словения мен Қазақстан таласады. Өткен түнде қос команда кездескенін айта кеткен жөн. Нәтижесін газетіміздің келесі санынан оқисыздар.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp