«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Пайдалы форум

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру үдерісінің негізгі бөлігі. Келешек ұрпақты сауатты етіп тәрбиелеу еліміздің мектеп оқушыларының функцио­нал­дық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жос­парында көрсетілген. Онда оқушылардың құзыреттілік білік­терін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген.

Облыс орталығын­дағы Оқушы­лар сарайында “Бас­тауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығы: бола­шаққа қадам” атты бастауыш сы­нып мұғалімде­рінің І Халықаралық форумы өтті.

Бес күн бойы өткен секциялар­ға 200-ден астам солтүс­тікқазақ­стан­дық мұғалім қатысты. Спикерлер арасында таяу шетелден кел­ген педагогтар бол­ды. Ал форум­ның қорытынды оты­рысында педа­гогтарға тәжірибеле­рін жетілдіріп, білім және идея алмасуға тамаша мүмкіндік жа­салды. Секция жұмы­сы барысында анықталған пробле­малар талқыла­нып, бастауыш сы­нып оқушылары­ның функционал­дық сауаттылығын дамыту перс­пективалары айқындал­ды, педа­гог­тарға тиімді ұсыныстар айтылды.

Форумға қатысқан Ыбырай Ал­тынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілі, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру зертханасының меңгерушісі Пер­негүл Таубай, облыстық білім бас­қармасының басшысы Нәзір Жәші­беков, Ресейден келген қонақтар және еліміздің барлық өңірлерінен жиналған бастауыш сынып мұға­лім­дері сөз сөйледі.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі за­ман талабы. Педагогтың сабақ өткі­зу шеберлігі, яғни, шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы – заман сұранысынан туын­даған та­лап. Өз мамандығын толық мең­герген жоғары деңгейлі оқы­тушының алдын көрген оқушы – өз жолын адаспай табар тұлға болып қалыптасады.

Сонымен қатар форум аясында түрлі ресурстарды пайдалана оты­рып, бастауыш сынып оқушыла­ры­мен үздік жұмыс тәжірибесін ұсынған педагогтардың қатысуымен көр­ме де өтті.

Форум жұмысының қорытындысы бойынша форум тақырыбына арналған ғылыми-публицисти­калық мақалалар жинағы шығарыла­тын болды. Сондай-ақ форумға қа­тысушылар облыстық білім басқар­масының Алғыс хаттарымен, білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологтар орта­лығының, Омбы облысының білім беруді дамыту институтының сертификаттарымен марапатталды.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp