Бүгінгі таңда өңірімізде 100 мыңнан астам қарт адам тұрады. Қарттарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында 2023 жылғы 1 қазан мен 1 қараша аралығында Солтүстік Қазақстан облысында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі айлықты дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес 1 қазанда Петропавл қаласының қоғамдық көліктерінде қарттар үшін жол жүру тегін болды.
Облыстың медициналық ұйымдарында қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін “Ашық есік күні” ұйымдастырылды. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде медициналық тексерулер жүргізілді. Бұдан басқа, жүріп-тұруында қиындықтары бар науқастарға арзан дәрілік заттар жеткізілді.
Ай бойы облыстық филармонияның солистері мен шығармашылық ұжымдарының, орыс халық аспаптары оркестрінің қатысуымен қайырымдылық концерттері өткізілді.
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Қарапайым адам” атты қайырымдылық спектаклі ұйымдастырылды.
Солтүстік Қазақстан облыстық мұражай бірлестігі “Тарихи таңдау” көрмесі бойынша тақырыптық экскурсия ұйымдастырды. Сонымен қатар облыстың барлық аудандарында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған мәдени және спорттық іс-шаралар өткізілді.
Барлық білім беру ұйымдарында қарттарды қолдау айлығы шеңберінде, сондай-ақ Республика күнін мерекелеу аясында өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге арналған тақырыптық сынып сағаттары өткізілді, 4 мыңнан астам қарияны шақыра отырып, концерттер ұйымдастырылды.
Оқушылар “Біздің құттықтауларымызды қабыл ал” науқанын, “Қарттарым – асыл қазынам!”, “Қарттар – данышпандар” фотокөрмесін, “Менің қазынам” суреттер қойылымын, “Менің сүйікті атам мен әжем” бейнеролигінің көрсетілімін ұйымдастырды.
Сондай-ақ “Аталар мектебі” және “Әжелер мектебінің” қатысуымен “Қолы алтын әжелерім”, “Атаммен бірге” тақырыптық бағдарламалары өткізілді. Аталған іс-шараларға 1000-нан астам қарт қатысты.
Сонымен қатар облысымыздың 23 колледжінде егде жастағы адамдар үшін концерттер, шеберлік сыныптары, шығармашылық кештер, көрмелер, картиналардың тұсаукесерлері, қызықты адамдармен, ардагерлермен кездесулер ұйымдастырылды. Аталған іс-шараларға мыңнан астам қарт қатысты.
Новоишим аграрлық-техникалық колледжінің студенттері 36 жалғызбасты зейнеткер мен еңбек ардагеріне картоп қазуға, көмір мен отын жинауға, тұрғын үйлерін жиыстыруға көмектесті.
Облыс аудандары мен Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары, шаруашылық субъектілері мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бір ай бойы зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті.
Мәселен, 28 000-нан астам қарт пен мүгедектігі бар адамға жалпы сомасы 116,0 млн. теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді, азық-түлік, ақша қаражаты, отын, жемшөп, басқа да көмек берілді.
Сонымен қатар 50 және одан да көп жыл бірге өмір сүріп келе жатқан 69 ерлі-зайыптыға, 90-ға келген және одан асқан 12 азаматқа құрмет көрсетіліп, 1,6 млн.теңге сомасында көмек берілді. Облыс аудандарының 129 тұрғыны үшін Петропавл қаласына экскурсиялар ұйымдастырылды.
Айлық ішінде аудандар мен облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Жәрмеңкелерде сүт, ет, бал, шұжық өнімдері, көкөністер, жемістер, малға арналған жемшөп ұсынылды. Барлық өнімдер нарықтық бағадан арзанға сатылды.
Айлық барысында аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында “1 қазан – Халықаралық қарттар күні”, “1 октября – международный день пожилых людей”, “Қайырымдылық”, “Әлеуметтік сала”, “Қарттар күні”, “Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды қолдау айы” және тағы да басқа арнайы айдарлар негізінде материалдар берілді.
Татьяна БЕРЕСКАЯ,
облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.